Қабдығалиева Еркежан Ержанқызы
Орталық басшысы
Байланыс ақпараты
Маркетинг және кәсіптік бағдар беру орталығы
Орталық туралы
Маркетинг және кәсіптік бағдар беру орталығы – «Шәкәрім университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі.
Орталықтың негізгі қызметі талапкерлерді Университетке тарту, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат тарату және қабылдау науқанын ақпараттық сүйемелдеу болып табылады.
Орталық өз қызметін білім беру ұйымдарымен, білім беруді басқару органдарымен және Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
1. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру
Университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау және үйлестіру.
Жалпы орта және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарымен жұмыс жүргізу.
Мектеп оқушыларына, колледж білім алушыларына және олардың ата-аналарына Университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру.
Ашық есік күндерін, кездесулерді, экскурсияларды және кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру.
2. Талапкерлерді ақпараттық сүйемелдеу
Талапкерлерге Университетке түсу шарттары мен қабылдау қағидалары туралы ақпарат беру.
Білім беру бағдарламалары мен қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша консультация жүргізу.
Call-орталық, ресми сайт және әлеуметтік желілер арқылы талапкерлермен жұмыс жүргізу.
Қабылдау комиссиясының жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу.
3. Ақпараттық және жарнамалық жұмыс
Қабылдау науқанына қатысты ақпаратты дайындау және тарату.
Университеттің ресми ақпараттық ресурстарында материалдарды орналастыру.
Әлеуметтік желілерде және басқа да цифрлық байланыс арналары арқылы ақпараттық жұмыс жүргізу.
Университеттің білім беру бағдарламаларын таныстыруға бағытталған жарнамалық және PR-іс-шараларды ұйымдастыру.
4. Іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыру
Білім беру ұйымдарында кездесулер мен көшпелі іс-шаралар өткізу.
Конкурстар, форумдар, фестивальдер, олимпиадалар және экскурсиялар ұйымдастыру.
Студенттерді кәсіптік бағдар беру іс-шараларына және Университеттің танымалдылығын арттыруға бағытталған жобаларға тарту.
Университеттің жастар қауымдастығын қалыптастыру және дамыту.
5. Қабылдау науқанын ұйымдастыру және үйлестіру
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарларын әзірлеу және білім алушыларды қабылдау жоспарын қалыптастыруға қатысу.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын Ұлттық тестілеу орталығының дерекқорында қалыптастыру.
Қабылдау науқаны барысында мүдделі тұлғалармен ақпарат алмасуды ұйымдастыру.
Қызметкерлер 1
Аитказин Алдияр
Ернарұлы
Digital маркетолог