Ректор блогы
Университет басшылығының жаңалықтары, ойлары және сұрақтарға жауаптар
Құрметті әріптестер, студенттер және серіктестер! Университетіміздің ресми блогына қош келдіңіздер — бұл ашық диалог пен идея алмасуға арналған алаң. Бүгінде университет білім беру, ғылым, тәрбие, инновация және қоғамдық даму кеңістігі ретінде болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық әлеуетін қалыптастырады. Бұл блогта біз университет қызметінің барлық бағыттары бойынша маңызды жаңалықтармен, жетістіктермен және бастамалармен бөлісіп, сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз.
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе. Педагогтарды қайта даярлау 6 айлық курсы ақылы ма. Оқу ақысы қанша тұрады.
Ректордың жауабы:
Қайырлы күн! Сұрағыңыз үшін рахмет! Иә, ақылы негізде. Толық ақпаратты "Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының" жетекшісінен біле аласыз. Байланыс нөмері: +7 747 661 0849.
Сұрақ:
саламатсыз ба, 2023-24 оқу жылына қашықтықтан оқыту бағдарламасы бар ма екен, тарих пәні мұғалімі бойынша оқу ақысы қанша екен
Ректордың жауабы:
Қайырлы күн! Оқуға түсу жөніндегі сұрақтарыңызды қабылдау комиссиясынан сұрасаңыз болады. Байланыс нөмері: +7 708 467 17 22, +7 7222 63-33-39.
Сұрақ:
Бізге жұмысқа студенттер керек еді. Көрсетілген номер телефондар алмайды. Жауапта қайтармайды қандай қызық! Күніне 10 рет хабарласып шықтым отдел трудоустройства 31-32-57 бір рет болсын телефон көтерген емес. Басшысы 87076082947 нөмеріде көтермейді 1 айдан асты хабарласа алмай келеміз! Не істеуге болады қай адреске барайн?rn
Ректордың жауабы:
Қайырлы күн, Назерке! Өкінішке орай, аталған бөлімнің жұмыс телефоны бұзулы болды. Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі жетекшісі - Сәлікжанова Сәуле Саттарқызы. Байланыс нөмері:+7 707 608 2947. Бөлім жетекшісіне байланысқа шықсаңыз болады.
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе!rnҚазір Ветеринариялық санитария мамандығына түсу үшін проходной балл қанша? rnГрант баллы қанша
Ректордың жауабы:
Қайырлы күн! "Ветеринариялық санитария" мамандығы оқытылмайды, 6В09103 - "Ветеринария" мамандығы бар. Бұл мамандыққа шекті балл 50-ді құрайды. Жалпылама ақпаратты қабылдау комиссиясы хабарласу арқылы біле аласыз. Байланыс нөмері: +7 708 467 1722.
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе?”Абай облысына грант,,бөлініпті соған қалай тапсырсам болады?Оған тапсыру үшін не істеймін?
Ректордың жауабы:
Қайырлы күн! Сұрағыңыздың жауабын "Қабылдау комиссиясына" хабарласу арқылы біле аласыз. Байланыс нөмері: +7 708 467 1722.rnrn