«КЕМЕЛ ТҰЛҒА» СТУДЕНТТЕР ҰЙЫМЫ
Білім алушылардың әлеуметтік және стратегиялық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету, студент жастар мен аға буын арасындағы іскерлік байланысты нығайту
- Аға буынның тәжірибесін жастарға жеткізетін жүйелі алаң құру;
- Білім алушылардың soft skills пен цифрлық құзыреттіліктерін арттыру;
- Белсенді жастардың тың бастамаларын қолдау және оның іске асыру;
- Салауатты өмір салтын насихаттауда университеттің басқару органдарына көмектесу;
- Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне оның ішінде әлеуметтік, қоғамдық және білім беру үдерісі аясында өткізетін іс-шараларына көмек көрсету;
- Студенттердің санасын және олардың білім деңгейіне деген талаптарын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу, мүліктік кешенге ұқыпты қарауға тәрбиелеу, университеттің рухы мен дәстүрлеріне патриоттық көзқарасын дамыту;
- Студенттерді университет қызметі туралы және өз заңнамаларымен (Ар-ұждан кодексі) бойынша ақпараттандыру;
- Студенттердің белсенділігін арттыру арқылы университет имиджін нығайта түсу.