«ҚЫЗҒАЛДАҚ» қыздар клубы
Қыздар клубының мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты, гендерлік саясат туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру, қыздарды тектілікке тәрбиелеу.