Minor «Инклюзия: теория және практикалық тәсілдер»
Минор инклюзивті көзқарасты қалыптастыруға және әртүрлі әлеуметтік, физикалық және зияткерлік ерекшеліктері бар тұғалармен тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған. Минор аясында студенттер инклюзияның теориялық негіздерін, қолжетімді және кедергісіз ортаны қалыптастыру қағидаттарын, сондай-ақ инклюзивті мәдениет пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызын меңгереді, болашақ мамандардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Мақсаты | Қалыптасатын негізгі құзіреттер | Оқыту нәтижелері |
Әртүрлі әлеуметтік, физикалық және зияткерлік ерекшеліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесе алатын, инклюзивті көзқарасты ұстанатын, кәсіби қызметінде тең мүмкіндіктер мен қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаттарын қолдана алатын заманауи мамандарды қалыптастыру. | Әлеуметтік және азаматтық құзыреттілік -инклюзивті қоғам қағидаттарын түсіну және оларды әлеуметтік тәжірибеде қолдану, қоғамдағы әртүрлілікті қабылдау және құрметтеу. Коммуникативтік құзыреттілік - әртүрлі қажеттіліктері бар тұлғалармен этикалық және тиімді қарым-қатынас орнату, кәсіби ортада мінез-құлық нормаларын сақтау. Кәсіби бейімделу құзыреттілігі - инклюзивті тәсілдерді болашақ кәсіби қызметке интеграциялау, жұмыс және әлеуметтік ортада қолжетімді жағдайларды ескеру. Рефлексивтік және этикалық құзыреттілік - өз көзқарасын, кәсіби ұстанымын және мінез-құлқын сыни тұрғыдан бағалай алу, әлеуметтік әділеттілік пен этикалық нормаларды ұстану. | инклюзияның мәнін, қағидаттарын және қазіргі қоғамдағы маңызын түсінеді; мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын біледі; кәсіби және әлеуметтік ортада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттілігін түсінеді; қолжетімді және кедергісіз орта қағидаттарын өз қызмет саласында қолдана алады; инклюзивті коммуникация дағдыларын меңгереді; әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастырады; |
Minor курстары | Сипаттамасы | |
1 | Инклюзия және ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен жұмыс | |
2 | Инклюзивті мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік | |
3 | Жобалық жұмыс: инклюзивті тәсілдерді қолдану |