Minor «Кәсіби коммуникациядағы қазақ тілі»
«Кәсіби коммуникациядағы қазақ тілі» курсы кәсіби ортада қазақ тілін дұрыс және тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс тілдік нормаларды, стильдерді, ресми және кәсіби мәтіндермен жұмыс жасауды, сондай-ақ академиялық жазылым дағдыларын меңгертеді.
Мақсаты | Қалыптасатын негізгі құзіреттер | Оқыту нәтижелері |
Курстың мақсаты – студенттердің кәсіби ортада қазақ тілін әдеби нормаға сай, сауатты және тиімді қолдану қабілетін қалыптастыру, ресми, кәсіби және академиялық мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ кәсіби және академиялық коммуникацияда еркін сөйлеу қабілетін жетілдіру. |
| Қазақ тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық және стильдік нормаларын біледі; кәсіби салаға тән терминдер мен ресми-іскери тіл бірліктерін меңгереді; академиялық жазылымның қағидаларын, жанрларын және құрылымын біледі. Функционалдық стильдердің (ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем, ауызекі) ерекшеліктерін, кәсіби коммуникацияның нормалары мен этикалық қағидаларын, академиялық мәтіннің логикасын, аргументация мен дереккөзді пайдаланудың маңызын түсінеді. Әртүрлі стильде сауатты, нормаға сай ауызша және жазбаша мәтіндер мен қызметтік хат, өтініш, баяндама, есеп, келіссөз мәтіндерін қазақ тілінде құрастырады.құрастырады; эссе, аннотация, реферат, ғылыми мақала элементтерін талапқа сай жазады. Мәтіндердегі тілдік нормадан ауытқуларды анықтап, стильдік қателерді, кәсіби мәтіндердің құрылымын, мазмұнын және тілдік ерекшеліктерін, академиялық мәтіндерді құрылымдық, стильдік және мазмұндық тұрғыдан талдайды. Нақты кәсіби жағдаяттарға сәйкес кешенді іскери мәтіндер дайындайды.Ғылыми дереккөздер негізінде өзіндік тұжырым жасай отырып, тұтас академиялық мәтін құрастырады. |
№ | Minor курстары | Сипаттамасы |
1 | Тілдік норма және стиль | Пән білім алушылардың қазақ тілінің әдеби норма, орфоэпия, пунктуация ережелерін терең меңгеруіне, тілдік стильдерді дұрыс ажырата білуіне бағытталған. Білім алушылар ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, кәсіби және академиялық мәтіндерді тиімді өңдеуді үйренеді. Сонымен қатар, тілдік қателерді азайту, ойды нақты және құрылымды жеткізу, әртүрлі жағдайларда стильді дұрыс таңдай білу дағдылары қалыптасады. |
2 | Кәсіби қазақ тілі | Пән кәсіби ортада қазақ тілін сауатты және тиімді қолдануға, ресми және кәсіби мәтіндерді құрастыруға үйретеді. Білім алушылар кәсіби мәтіндерді талдау, өңдеу және құрастыру дағдыларын дамытады, кәсіби терминологияны дұрыс қолдануды меңгереді. Сондай-ақ, кәсіби қарым-қатынаста ойларын нақты, дәлелді және түсінікті жеткізу қабілеттері қалыптасады, түрлі ресми және іскерлік жағдайларда тілдік қателерді болдырмау үйретіледі. |
3 | Академиялық жазылым | Пән студенттердің академиялық мәтіндерді жазу, талдау және түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған. Академиялық стиль, логикалық құрылым және дәлелді ойлау дағдыларына ерекше назар аударылады. Білім алушылар ғылыми ойды жүйелі және дәлелді жеткізіп, академиялық нормаларды сақтай отырып, кәсіби және ғылыми мәтіндермен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде көрсету, деректерді талдау және қорытынды жасау дағдылары қалыптасады. |