7M07109 — Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар
Бөлімдер
М099 Энергетика және электроника білім беру бағдарламаларының тобы 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді
Кіріспе
7М07109 – «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» білім беру бағдарламасы бойынша даярлау Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің Физикалық және химиялық ғылымдар зерттеу мектебінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасында жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасын іске асыру барысында Шәкәрім атындағы университет пен өңірдің ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы атом электр станцияларын дамыту үрдістері ескерілген. Бұл білім беру бағдарламасының бірегейлігі – аталған саладағы мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетінінде. Бұл мамандану бағыты Қазақстан Республикасының аумағында тек Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте жүзеге асырылады. Болашақ мамандардың даярлық сапасын бағалау диссертация қорғау шеңберінде ҚР ҰЯО-ның (Курчатов қ.) базасындағы кафедра филиалында өтетін аттестациялық комиссияның көшпелі отырыстарында жүргізіледі
| Еңбек сыйымдылығы | Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит |
| Оқу мерзімі | 2 жыл |
Мақсаты
Жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеу және пайдалану үдерісінде туындайтын күрделі міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті жүзеге асыра алатын, ядролық энергетика саласында терең іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 7М07109 Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | Реактор (үдеткіш, ядролық-физикалық қондырғы) бастығы, инженер-конструктор, инженер-физик, кіші ғылыми қызметкер, аға зертханашы, колледж оқытушысы, Оқу саласындағы оқытушы, аға оқытушы / аға лектор, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖЖОКБҰ) |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 7 |
| Кәсіби қызмет саласы | Өнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым |
| Кәсіби қызмет нысаны | Энергетикалық және технологиялық бейіндегі кәсіпорындар мен фирмалар. Ғылыми-зерттеу мекемелері. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары |
| Кәсіби қызмет түрлері | Эксперименталды-зерттеу. Ұйымдастырушылық-басқарушылық. Білім беру (педагогикалық) |