Мазмұнға өту

7M05102 — Биотехнология

М082 Биотехнология білім беру бағдарламаларының тобы 7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді

Кіріспе

7М05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы Шәкәрім университетінің Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің «Биотехнология» кафедрасы арқылы М082 – «Биотехнология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жүзеге асырылады және өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

Білім беру бағдарламасы осы даярлау бағыты бойынша түлектің мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, жүзеге асыру шарттары мен технологияларын, даярлық сапасын бағалау тәсілдерін айқындайды. Сондай-ақ бағдарлама түлектің кәсіби қызметінің бағыты мен сипаттамасын, оқыту нәтижелері мен меңгерілетін құзыреттерді, білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін қамтиды және білім алушыларды сапалы даярлауды қамтамасыз етеді

Еңбек сыйымдылығы Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білімалушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қосаалғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит
Оқу мерзімі 2 жыл

Мақсаты

Мемлекет пен нарықтың қажеттіліктеріне, университеттің ғылыми-практикалық қызметіне, ғылымның және өндірістің заманауи мәселелерін шешуге қабілетті жаңа білім берудің ғылыми, ғылыми - педагогикалық кадрларын даярлау, сонымен қатар, осы мамандық бойынша бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және серпінді технологиялар жасау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 7М05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Кіші ғылыми қызметкер - инженер-технолог (технолог); - сапа инженері; - инженер-техник; - Өндірісті дайындау бойынша инженер; - Өндірістік зертханаларда техник; зерттеу, жобалау, технология, жобалау ұйымдарының көмекшісі
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 7
Кәсіби қызмет саласы Өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім
Кәсіби қызмет нысаны - ғылыми-зерттеу институттары; - тамақ және қайта өңдеу, микробиологиялық, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен зертханалар; - ауыл шаруашылығы кәсіпорындары; асыл тұқымды бекеттер; - экологиялық қызметтер мен ұйымдар; - санитарлық-эпидемиологиялық станция; - оқу орындары; - ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған зертханалар;
Кәсіби қызмет түрлері Есеп айырысу және дизайн; Ұйымдастыру және басқару; Өнеркәсіптік және технологиялық; Эксперименттік зерттеулер; Білім беру