7M01705 — Орыс тілі мен әдебиеті
Бөлімдер
М018 Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар
Кіріспе
Орыс тілі және әдебиеті" білім беру бағдарламасын Шәкәрім университеттің шет және орыс тілдері кафедрасы әзірлеген және магистранттардың жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ магистратура түлектеріне кәсіби қызметін және оның білім беру функцияларын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы мәдени (әмбебап), жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
ББ ерекшелігі, ол пәндік-әдістемелік құзыреттерді тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар пәнаралық байланыстар негізінде білім алушылардың әлеуметтік-мәдени және коммуникативтік құзыреттіліктерін кеңейтуге бағытталған.
Магистратура ББ әзірлеудің нормативтік құқықтық базасын құрайды:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "Білім туралы" Заңы,
Ұлттық біліктілік шеңбері,
"Педагог" кәсіби стандарты;
ҚР ҒжЖБМ нормативтік-әдістемелік құжаттары
| Еңбек сыйымдылығы | Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит |
| Оқу мерзімі | 2 жыл |
Мақсаты
Заманауи педагогикалық ғылым саласында терең білімі бар, зерттеу және диагностикалық әдістерді кәсіби білетін және тәуелсіз ғылыми-зерттеу, әдістемелік және педагогикалық қызметке қабілетті мамандарды іргелі даярлауды қамтамасыз ету; түлекке таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеуге, түлектің әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беретін әмбебап және мамандандырылған құзыреттіліктерге ие болуға мүмкіндік беретін терең кәсіби білім беру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 7M01705 - Орыс тілі мен әдебиеті Білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | Педагог. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 7 (Кіші деңгейлер 7.1; 7.2; 7.3; 7.4 ) |
| Кәсіби қызмет саласы | білім, ғылым, Әлеуметтік сала, мәдениет |
| Кәсіби қызмет нысаны | - меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары. - жоғары оқу орындары; - ғылыми-зерттеу институттары; - білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; - білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар |
| Кәсіби қызмет түрлері | - білім беру (педагогикалық); - оқу-тәрбие; - оқу-технологиялық; - әлеуметтік-педагогикалық; - ғылыми-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық |