Мазмұнға өту

7M01601 — Тарих

М016 Тарих педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 7М01601 Тарих білім беру саласына кіреді

Кіріспе

Білім беру бағдарламасы "Шәкәрім университеті" КеАҚ Білім беру жоғары мектебінің Тарих кафедрасы тарапынан 7М01601-«Тарих» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Қызметтің басым бағыттары: теориялық дайындықтың жоғары сапасы; өңірдің қажеттіліктерін есепке алу; оқытудың практикалық бағыты; жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен және ЖОО-ларымен ынтымақтастық, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Ұсынылып отырған білім беру бағдарламасының ерекшелігі - Қазақстанның шығыс өңірінің қажеттіліктерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға қабілетті жоғары білікті мамандармен қанағаттандыру. 7М01601 - Тарих ББ - ның артықшылығы - түлектер оқуды білім берудің келесі сатысында - кафедрада PhD докторантурада жалғастыра алады немесе Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарына мақсатты докторантураға жібере алады. Кафедра бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерге қатысу кезінде білім алушылардың ғылыми әлеуетін іске асыру. Сондай-ақ, 7М01601 - Тарих ББ-ның бірегейлігі көптілді білім беруді іске асыру үшін тілдік дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін пәндердің болуы деп санауға болады

Еңбек сыйымдылығы Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит
Оқу мерзімі 2 жыл

Мақсаты

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторы жүйесінде білім беру және зерттеу процесін ғылыми-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін мамандар даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 7М01601 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Бастапқы лауазымда болуы мүмкін: • білім беру (педагогикалық) – жоғары және орта оқу орындарында; • өндірістік-басқару – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті арттыру институттарында, баспаларда, оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі және т. б.), соның ішінде жоғары оқу орындарында әкімшілік лауазымдарды атқара алады; мұражайларда, мұрағаттар мен кітапханаларда қызмет атқара алады; • ғылыми-зерттеу - ғылыми-зерттеу академиялық институттарында және гуманитарлық бағыттағы зерттеу мекемелерінде КҒҚ лауазымында жұмыс істей алады
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 7
Кәсіби қызмет саласы • инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру; • ғылыми-зерттеу қызметі
Кәсіби қызмет нысаны • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, техникумдар, училищелер). • жоғары оқу орындары; • ғылыми-зерттеу институттары; • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар; • мұрағаттар мен мұражайлар
Кәсіби қызмет түрлері • әлеуметтік – педагогикалық - оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету; • білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау, түзету; • ғылыми-зерттеу - қолданбалы тарих, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; • ұйымдастырушылық-әдістемелік - инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату; • мәдени-ағартушылық - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, мультимедиа-білім беру саласында оқушы жастармен мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық мәдениет саласында ағарту жұмыстарының бағдарламаларын, әдістемелерін және технологияларын әзірлеу; • өндірістік-технологиялық-ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану негізінде технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру