Мазмұнға өту

7M01505 — Биология

М014 Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе

Шәкәрім университеті" жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің химия және биология кафедрасы 7М01505 -Биология білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді. 7М01505- Биология білім беру бағдарламасы биологиялық білім беру мен педагогикалық қызмет саласында тереңдетілген, теориялық және практикалық білімі бар, заманауи биологияның жаңа бағыттары туралы түсініктері бар, биологияның қазіргі мәселелерін түсінетін, ғылыми-практикалық және педагогикалық салаларда алған құзыреттіліктерін қолдана алатын магистрлерді дайындауға арналған

Еңбек сыйымдылығы Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит
Оқу мерзімі 2 жыл

Мақсаты

Биология ғылымдарының заманауи бағыттары мен биологияны оқыту әдістемесі саласында терең, теориялық және практикалық білімі бар және алынған құзыреттілікті ғылыми-практикалық және педагогикалық салаларда қолдануға қабілетті магистрлерді даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік Педагогикалық ғылымдар магистрі
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Ғылыми қызметкер, педагогикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің ғылыми тобының жетекшісі; жоғары оқу орнының, орта кәсіптік оқу орындарының оқытушысы, мемлекеттік білім беру қызметтерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің жетекшісі
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 7
Кәсіби қызмет саласы Ғылыми-зерттеу ұйымдары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, ұлттық парктер мен қорықтар
Кәсіби қызмет нысаны Ғылыми-зерттеу институттары, сондай-ақ педагогикалық бейіндегі институттар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындары
Кәсіби қызмет түрлері Білім беру (педагогикалық), мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарындағы биология оқытушысы; білім беру және ғылым саласындағы жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы