7M01504 — Химия
Бөлімдер
М013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы 7М01504- Химия білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындайды.
"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлау екі жылдан кем емес оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жоғары білім беру бағдарламасының базасында күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі.
Оқу аяқталғаннан кейін "Химия" білім беру бағдарламасының түлектеріне педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі
| Еңбек сыйымдылығы | Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит |
| Оқу мерзімі | 2 жыл |
Мақсаты
Білім беру аймағындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне бағытталған аталған білім беру бағдараламасындағы құзырлықтарға сәйкес жоғары білікті маман даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 7М01504- Химия білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | ЖОО мен колледждерде химия пәнінің оқытушысы білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде лаборант оқу шебері білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және т. б.)) білім беру ұйымдарындағы әдіскер; педагогика ғылымдары саласындағы маман; ғылыми-зерттеу мекемелерінде маман |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 7 |
| Кәсіби қызмет саласы | ғылыми-зерттеу мекемелері; орта мектептер, орта кәсіптік оқу орындары; білім басқармасының мемлекеттік органдары; өз жұмысында химияны оқыту әдістерін пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар |
| Кәсіби қызмет нысаны | Химия сабағында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу; ұйымдастырушылық-басқарушылық; әлеуметтік-педагогикалық; оқу-тәрбие |
| Кәсіби қызмет түрлері | Химия сабағында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу; ұйымдастырушылық-басқарушылық; әлеуметтік-педагогикалық; оқу-тәрбие |