6B11201 — Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Бөлімдер
B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар білім беру бағдарламаларының тобы 6B11 Қызмет көрсету
Кіріспе
2022 жыл - 10 орын
2023 жыл - 18 орын
6В11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша барлық меншік нысанындағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен мекемелерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мамандарды даярлауды "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, Физика және химия ғылымдарының зерттеу мектебі, «Химия және экология» кафедрасы жүзеге асырады Білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленді және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесін білдіреді
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Әлемдік және отандық ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктері негізінде қызмет көрсету саласында жоғары кәсіби деңгейдегі бакалаврларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қоғамның интеллектуалды, тұлғалық және мінез-құлық қасиеттеріне, қазіргі қоғамдағы нәтижелі кәсіби қызметке қабілеттеріне қатысты әлеуметтік үмітке толық жауап беретін мамандарды даярлау, ҚР өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмір сүру қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында базалық білім мен кәсіби дағдыларды меңгерген, жоғары кәсіби білімнің екінші сатысына өту
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | Еңбек жағдайлары факторларын талдау жөніндегі сарапшы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өндірістегі еңбекті қорғау маманы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспектор, ТЖМ ұйымдарындағы маман |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 |
| Кәсіби қызмет саласы | Еңбек жағдайлары факторларын талдау жөніндегі сарапшы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өндірістегі еңбекті қорғау маманы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспектор, ТЖМ ұйымдарындағы маман |
| Кәсіби қызмет нысаны | Тіршілік қауіпсіздігін айқындайтын және өрт, радиациялық, химиялық және басқа да қауіптердің алдын алуға мүмкіндік беретін технологиялық жүйелерді, желілерді пайдаланумен және ТЖ-да қорғаумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар; ғылыми-зерттеу және жобалау салалық институттары; орта техникалық оқу орындары |
| Кәсіби қызмет түрлері | Өндірістік-технологиялық; ұйымдастыру-басқару; жобалау; эксперименттік-зерттеу |