6B07301 — Геодезия және картография
Бөлімдер
B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жылы - 8 орын
2023 жылы - 6 орын
2024 жылы - 5 орын
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, жүзеге асыратын «6B073 Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша «6В07301 Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
«6В07301 Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы геодезия және картография саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын «6В073 Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша инженерлік-технологиялық бакалавр дәрежесін дайындауға арналған.
2017 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтаудан өнеркәсіптің барлық салаларына, оның ішінде геодезия саласына қатысты. Сандық технологиялар аналогтардан айырмашылығы бар ақпаратты тез және сенімді жасау, беру және сақтау мәселесіне айналды. Қазақстанда цифрландырудың арқасында, индустриалды деректерге бағытталған географиялық ақпараттық карталар пайда болады.
Қазақстандағы танымал мамандықтар деген сұраныс жыл сайын өсіп отырады, соған сай иженер-геодезисттерге де сұраныс артып отыр. Қазіргі уақытта «Геодезия» мамандығы еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие болды
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 3,5 жыл |
Мақсаты
Даярлау бағытын құрайтын геодезия, картография және геокеңістіктік деректер және т.б. саласында жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын мамандарды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6B07301 - Геодезия және картография білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | инженер-геодезист, - геодезист көмекшісі, -картограф, -жобалық ұйымдардың басқарушы, ғылыми-техникалық жұмысшылар, жалпы ғылыми зерттеуші, құрылымдаушы лауазымдары |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | СБШ және ҰБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі |
| Кәсіби қызмет саласы | - экономиканың барлық салалары; - жер ресурстарын басқару комитеті; - мемлекеттік басқару және жер қатынастары бөлімдері; - әскери-өнеркәсіптік кешен; - азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс; - геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар; - геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке кәсіпорындар |
| Кәсіби қызмет нысаны | - Жер беті; мемлекеттік геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары; - азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; - пайдалы қазбалардың кен орындары; жер учаскелері; - табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер |
| Кәсіби қызмет түрлері | Ұйымдастыру және басқару қызметі; Өндірістік-технологиялық қызмет; Есеп айырысу және жобалау жұмыстары; Ғылыми-зерттеу жұмыстары; Білім беру қызметі |