Мазмұнға өту

6B07103 — Жылу энергетикасы

B062 Электр техникасы және энергетика білім беру бағдарламаларының тобы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді

Кіріспе

2022 жыл - 12 орын
2023 жыл - 6 орын
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің ҚеАҚ физика-химия ғылымдарының зерттеу мектебінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасы «6В07103 Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. БББ жылуды өндіру, оны қолдану, оның ағындарын бақылау және осы процестерді жүзеге асыратын энергияның басқа түрлерін жылуға айналдырудың техникалық құралдарын зерттеу, жобалау, салу және пайдалану саласындағы мамандарды дайындайды. Осы БББ бойынша бакалавриаттарды дайындау Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» РМК -мен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады, соның негізінде кафедраның филиалы ашылды. Тәжірибелердің барлық түрлері филиал негізінде жүргізіледі. Бұл тәсіл жылу энергетикасы саласында болашақ жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, болашақ мамандарды дайындауға мүмкіндік береді

Еңбек сыйымдылығы Білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін, қорытынды аттестаттаудың 8 кредитін игеруі бакалаврларды дайындаудың оқу үдерісін аяқтаудың негізгі критерийі болып табылады. Барлығы 240 кредит
Оқу мерзімі 4 жыл

Мақсаты

Жылуды өндіру, оны пайдалану, оның ағынын басқару және басқа да энергия түрлерін жылумен өңдеуге ауыстыру, осы процесстерді жүзеге асыру үшін техникалық құралдарды зерттеу, жобалау, салу және пайдалануды қамтитын қызметтің саласында кең көлемді білімі бар түлектерді дайындау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6В07103 Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Квалификациялық талаптарға сәйкес Инженер-лаборант, ғылыми-зеріттеу, конструкторлық және жобалау үйымдарында жұмыс тәжерибесін ұсынбай 1 – санаттағы техник лауазымын ала алады
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы Өнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым
Кәсіби қызмет нысаны Өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету саласындағы энергетикалық және технологиялық профильдердің кәсіпорындары мен фирмалары. Ғылыми-зерттеу мекемелері. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары
Кәсіби қызмет түрлері Жобалау-конструкторлық Өндірістік-технологиялық Зерттеу Монтаждау-баптау Ұйымдық-басқарушылық