6B05303 — Техникалық физика
Бөлімдер
B054 Физика білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2023 жыл - 2 орын
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТI» КеАҚ
физика-химия ғылымдарының зерттеу мектебі «техникалық физика және жылуэнергетикасы» кафедрасы «6B05303 Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, дайындықты жүзеге асырады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» және «төмен температурадағы техника мен физика» мамандануы бойынша дайындық жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында атом энергетикасы және төмен температуралы техника саласында мамандар даярлаудың осы бағыттары білім беру бағдарламасының шеңберінде техникалық физика Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің басқа біреуімен жүргізілмейді. Осы бағыт бойынша бакалаврларды дайындау Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен (Кучатов қ.) тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Филиал базасында практиканың барлық түрлері жүргізіледі, сондай-ақ дипломдық жобалау жүзеге асырылады. Дипломдық жобалардың жетекшілері зерттеу зертханаларының жетекші мамандары болып табылады. Дипломдық жобаларды қорғау ҚР ҰЯО-да жетекші ғалымдарды тарта отырып жүргізіледі. Білім беру үдерісіндегі бұл тәсіл болашақ жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, техникалық физика саласындағы болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік береді
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Жалпы білім берудің негізгі талаптарына мазмұны мен көлемі бойынша мемлекеттік жалпы міндетті стандарт критерийлері мен олардың бағалары негізіндегі компентациялар мен машықтардың, біліктілігі мен білімдерінің деңгейлерін бекітетін сапалы мен толықтай профессионалдық білімдерін түлектермен алу табылады
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В05303 Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | Алғашқы қызметтерді атқара алады: физик, инженер-схемотехник, инженер-электроник, технолог, жоғары, I және II санатты маман, аға зертханашы, инженер |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 |
| Кәсіби қызмет саласы | Өнеркәсіп, энергетика саласы, білім, ғылым |
| Кәсіби қызмет нысаны | Атом энергетикасы және төмен температуралық техника саласындағы энергетикалық және технологиялық бейіндегі кәсіпорындар мен фирмалар. Ғылыми-зерттеу мекемелері. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары |
| Кәсіби қызмет түрлері | Эксперименттік-зерттеу. Ғылыми-зерттеу. Өндірістік-технологиялық. Монтаждау-пайдалану. Ұйымдастырушылық - басқарушылық |