Мазмұнға өту

6B05301 — Химия

B053 Химия білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді

Кіріспе

2025 жыл - 3 орын
«6В05301 Химия» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының, ҚР ҒжЖБМ нормативтік құжаттардың талаптарының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді және білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажет құжаттардың жүйесін ұсынады.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі – ол таңдау бойынша қурстардың үлкен қоржынын қамтиды, оқытушылардың мықты құрамын және оны іске асыруға қажетті жақсы зертханалық базаны ескере отырып әзірленген

Еңбек сыйымдылығы Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит
Оқу мерзімі 4 жыл

Мақсаты

Білім беру, әдіснамалық және ғылыми-зерттеу жақсы дайындығы бар химия саласындағы бәсекеге қабілетті маман ретінде түлектің кәсіби дайындығы мен тұлғалық дамуын қамтамасыз ету

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6В05301 - Химия
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Химик; инженер-химик; химик-технолог; химик-зертханашы(жоғары оқу орындарының зертханаларында, ҒЗИ-химиялық, экологиялық және т. б. бейіндегі; химия саласы кәсіпорындары); фармацевт-аналитик; химик-эколог;орта жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби оқу орындарының оқытушылары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21 мамырдағы Қазақстан республикасының 2012 жылғы №201-ө-м басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің квалификациалық лауазым анықтамасының талаптарына сәйкес және т. б. қызметтер
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы • білім беру, ғылым және экология сферасы; • химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер салалары, • аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің, ғылыми-зерттеу мекемелері (институттар, зертханалар), •химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі өндірістік зертханалары
Кәсіби қызмет нысаны • химиялық заттар мен материалдар; • химиялық, физикалық, физика-химиялық және жылулық процестер • заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау әдістері және аспаптары; • қоршаған ортаның жай-күйін бағалау құралдары мен әдістері
Кәсіби қызмет түрлері • эксперименттік-зерттеу; • ғылыми-зерттеу; • өндірістік-технологиялық; • ұйымдастыру-басқарушылық; • білім беру (педагогикалық); • мәдени-ағартушылық