6B05201 — Экология
Бөлімдер
B051 Қоршаған орта білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - 24 орын
2023 жыл - 2 орын
2024 жыл - 1 орын
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті" КЕАҚ Физика-химия ғылымдарының зерттеу мектебінің "Химия және экология" кафедрасы 6В05201 – " Экология " білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындайды. Білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленді және білім беру үрдісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесін білдіреді. Білім беру бағдарламасы экологиялық зерттеулер, табиғатты қорғау қызметі, табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімдері бар, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, аймақтық және ұлттық еңбек нарығының білікті және бәсекеге қабілетті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи экологиялық зерттеулердің тәжірибелік әдістерін білетін, жаратылыстану бакалаврларды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В05201 Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | геолог-эколог, өндіріс салалары бойынша эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, эколог-зертханашы |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 |
| Кәсіби қызмет саласы | табиғи және урбандалған экожүйелер және олардың компоненттері; биосфера және оның компоненттері; экологиялық мониторинг және маркетинг; қоршаған ортаның жай-күйін талдау, инспекциялау және бақылау; болжамдық модельдерді жасау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және консалтингтік функциялар; экологиялық білім беру және тәрбиелеу; технологиялық процестерде және жаңа кәсіпорындарды, елді мекендерді жобалау кезінде экологиялық талаптарды сақтау, экономиканың әртүрлі салаларында табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау және жүзеге асыру, ҚОӘБ және экологиялық аудит жүргізу |
| Кәсіби қызмет нысаны | қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, қаумалдар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік кешендер, полигондар, Энергетика объектілері, АЭС, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары |
| Кәсіби қызмет түрлері | "Қоршаған табиғи ортаның биоалуантүрлілігін сақтау және қалпына келтіру" кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: * ұйымдастырушылық-басқарушылық; * өндірістік-технологиялық; * сервистік-пайдалану; • ғылыми-зерттеу; * білім беру және тәрбие (педагогикалық); * жобалық |