6B05102 — Биотехнология
Бөлімдер
В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - 11 орын
2023 жыл - 12 орын
2024 жыл - 12 орын
2025 жыл - 5 орын
6B05102 "Биотехнология" білім беру бағдарламасы
НАО «Шәкәрім Университет» Азық-түлік инженериясын зерттеу мектебі және "Биотехнология" кафедрасы жүзеге асыратын 6B050 "Биологиялық және аралас ғылымдар" білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді.
Білім беру бағдарламасы мына аспектілерді реттейді:
- Мақсаттар, күтілетін нәтижелер, мазмұн, жағдайлар және білім беру процесін жүзеге асыру технологиялары
- Түлектердің дайындық сапасын бағалау
- Бағдарламаның сипаттамасы, кәсіби қызмет бағыттары, оқу нәтижелері және қалыптасатын құзыреттер
- Оқушыларды сапалы дайындауға кепілдік беретін білім беру процесін ұйымдастыру
Сондай-ақ, бағдарлама арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттердің оқуын, олардың әлеуметтенуін және қоғамға интеграциясын қарастырады
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Биотехнология саласында терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында инновациялық биотехнологиялық процестерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | инженер-технолог (технолог); - сапа жөніндегі инженер; - инженер-зертханашы; - өндірісті дайындау жөніндегі инженер; -өндірістік зертханалардағы зертханашы; -ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау ұйымдарындағы зертханашы; - техник-технолог; - техник-зертханашы |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 |
| Кәсіби қызмет саласы | Қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы |
| Кәсіби қызмет нысаны | - Өндірістік кәсіпорындар және тамақ және қайта өңдеу, микробилогиялық өнеркәсіп зертханалары; - Ауыл шаруашылық кәсіпорындары; - Селекциялық станциялар; - Экологиялық қызметтер мен ұйымдар; - Санитарлық-эпидемиологиялық станция; - Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертхана |
| Кәсіби қызмет түрлері | Есептік-жобалық; Ұйымдастыру-басқарушылық; Өндірісті-технологиялық. Сервисті-пайдалану Селекциялық |