Мазмұнға өту

6B03202 — Журналистика, SMM және PR

B042 Журналистика және репортер ісі білім беру бағдарламаларының тобы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат білім беру саласына кіреді

Кіріспе

6В03202 «Журналистика, SMM және PR» білім беру бағдарламасы (ББ) « Шәкәрім университеті» КеАҚ Филология жоғары мектебі қазақ филологиясы және журналистика кафедрасында жүзеге асырылып отырған 6B042 « Журналистика және репортер ісі» дайындау бағыты бойынша әзірленді.
Білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі – журналистика және СММ мен ПР салалары бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы ретінде нарық сұранысына жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Базалық және кәсіпке бейімдейтін пәндердің 60% журналистика саласына арналса, 40% СММ мен ПР саласы бойынша пәндерден тұрады. Білім алушылар оқу, өндірістік, дипломалды практикаларға да екі сала бағыты бойынша баратын болады

Еңбек сыйымдылығы Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит
Оқу мерзімі 4 жыл

Мақсаты

Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік медиа және қоғаммен байланыс саласында кәсіби құзыреттілігі бар, зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік және журналистік қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6B03202 - Журналистика, SMM және PR білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Журналист; - Диктор, жаңалықтар жүргізушісі; - әдеби қызметкер; - бағдарлама жүргізушісі; - Үкіметпен байланыс жөніндегі үйлестіруші; - Сценарист; - Баспаның тілшісі, газет-журнал тілшісі; - Мультимедиялық кеңесші; - Редактор, бас редактор; - Газет шолушысы; - Байланыс үйлестірушісі. - Комментатор; - Корреспондент; - Репортер; 10. Құрылымдық агенттіктің жауапты хатшысы; - Бас директор; - Шығармашылық бірлестіктің бас редакторы; - Бас продюсер; - Бағдарлама хосты; - Оператор; - Хабарлама редакторы; - Субтитр жасаушы - баспасөз хатшысы - модератор; - публицист; эссеист; - қоғаммен байланыс маманы; - эксперт-менджер; - спичрайтер; - веб-редактор; - редактор және стилист; - жарнама агенті, - цифрлық контент-менеджер; - SMM-менеджер; - Data-журналист; - Видеожурналист / видеоредактор; - медиажоба менеджері - фактчекер; - цифрлық коммуникация маманы
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы Газет, журнал баспасы; радиоорталық; телеарна, ақпарат агенттігі; баспа үйі; баспасөз қызметі және мемлекеттік коммерциялық құрылымдағы баспасөз қызметі; жарнама агенттігі; Қазақстанда және шет елдерде саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер және консалтингтік құрылымдар; желілік ақпараттық құрылымдар; ойын-сауық қызметі нарығы; профиль бойынша мамандыққа қатысты басқа нысандар
Кәсіби қызмет нысаны Бұқаралық ақпарат Бұқаралық қарым-қатынас
Кәсіби қызмет түрлері 1. Ақпараттық; 2. ақпараттық-аналитикалық; 3. ақпараттық-анықтамалық; 4. ақпаратты-креативті; 5. көркем-публицистикалық; 6. административтік және 7. ұйымдастырушылық; 8. кеңес және эксперттік; 9. зерттеушілік; 10. баспа өнімін түзету, редакциялау 11. мәдениет, басқару мекемелерінде, мәдениетаралық қатынас саласында және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы қызметтер