6B02305 — Филология (қазақ) -журналистика
Бөлімдер
B037 Филология білім беру бағдарламаларының тобы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - 12 орын
6В02305 «Филология (қазақ ) - журналистика» білім беру бағдарламасы (ББ) «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Филология факультетінің қазақ филологиясы және журналистика оқу кафедрасында жүзеге асырылып отырған 6B023 «Тілдер және әдебиет» дайындау бағыты бойынша әзірленді.
Білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі – филология және журналистика салалары бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы ретінде нарық сұранысына жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Базалық және кәсіпке бейімдейтін пәндердің 60% филология саласына арналса, 40% журналистика саласы бойынша пәндерден тұрады. Білім алушылар оқу, өндірістік, дипломалды практикаларға да екі сала бағыты бойынша баратын болады
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Филология мен журналистика салалары бойынша арнайы кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген, зерттеушілік, әлеуметтік-коммуникативтік және БАҚ салаларындағы қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті филолог-журналистерді даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В02305 – Филология (қазақ)-Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; - әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында әдеби кеңесші; - газет пен журнал редакцияларында әдеби қызметкер, корректор, редактор - журналист, репортер; - баспасөз хатшысы; - комментатор; жаңалықтар жүргізуші; - модератор; продюсер; редактор; - қоғаммен байланыс маманы; қарым-қатынас бойынша менеджер; - эксперт-менеджер; спичрайтер; - веб-редактор; редактор және стилист; - жарнама агенті |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 ( 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 -деңгейшелер) |
| Кәсіби қызмет саласы | - ғылым - БАҚ - баспа ісі - әкімшілік-басқару және ұйымдастырушылық - жарнама агенттігі - желілік ақпараттық құрылымдар - еңбек нарығының сұранысына орай басқа да мәдени, әлеуметтік, гуманитарлық салалар |
| Кәсіби қызмет нысаны | – ғылыми-зерттеу мекемелері – газет, журналдардың редакциялары – радио мен телевидение – баспа орындары – мәдениет ұйымдары (мұражай, кітапхана, т.б.) – мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар |
| Кәсіби қызмет түрлері | филология (лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология т.б.) салаларында зерттеулер жүргізу; - мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар; - баспа өнімін түзету, редакциялау; - ақпараттық-аналитикалық; - ақпараттық-анықтамалық; - ақпаратты-креативті; - көркем-публицистикалық; - мәдениет, басқару мекемелерінде, мәдениетаралық қатынас саласында және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы қызметтер |