Мазмұнға өту

6B02302 — Аударма ісі

B036 Аударма ісі білім беру бағдарламаларының тобы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе

2022 жыл - 26 орын
2023 жыл - 28 орын
2026 жыл- 8 орын
Білім беру бағдарламасы В03602 «Аударма ісі» Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Шет тілдер кафедрасында жасалған.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі еңбек нарығының қажеттілігін және жұмыс берушілердің талаптарын қамтамасыз ететін мамандарды даярлаудың Құзыретті моделі негізінде жасалған. Бұл модель түлектердің негізгі құзыреттілігін, олардың дайындық деңгейін және нақты кәсіби функцияларды орындауға дайындығын сипаттайды.
В03602 "Аударма ісі" білім беру бағдарламасының бірегейлігі Аударма ісі саласында толыққанды, сапалы кәсіби білім, кәсіби құзыреттілікті алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы болып табылады:
- әкімшілік-басқару саласы;
- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы;
- халықаралық байланыс саласы;
- баспа ісі саласы;
- бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
- ақпараттық-аналитикалық сала және басқа салаларда.
Білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде оқу процесінде тез өзгеретін технологиялық ортада білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамыта отырып, жасанды интеллект құралдарын қолдану көзделеді.
Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді

Еңбек сыйымдылығы Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит
Оқу мерзімі 4 жыл

Мақсаты

Кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын шет тілдерін меңгерудің халықаралық стандарттарына және мәдениетаралық коммуникация саласындағы құзыреттерге сәйкес келетін шет тілдерінің білікті аудармашыларын даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6В02302 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Аудармашы-референт Гид-аудармашы Аудармашы-лингвист Ілеспе аудармашы Көркем аударма бойынша аудармашы
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы - мәдениет және мәдениетаралық коммуникация - халықаралық байланыстар; - баспа ісі; - бұқаралық ақпарат құралдары; - ақпараттық-аналитикалық; - әкімшілік-басқару
Кәсіби қызмет нысаны - аударма бюросы; - мәдениет мекемелері; - халықаралық ұйымдар; - әртүрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер; - елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер; - туризм жөніндегі агенттік; - баспа; - ғылыми-зерттеу институттары; - журналдар мен газеттер редакциясы (редактор, журналист лауазымы)); - әр түрлі компаниялардағы қабылдау бөлмелері (хатшы-референт); - баспасөз орталықтары; - әдеби одақтар; - кітапхана
Кәсіби қызмет түрлері - аудармашылық; - эксперименттік-зерттеу; - ғылыми-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; - өндірістік-басқарушылық; - ақпараттық-аналитикалық