Мазмұнға өту

6B02101 — Дизайн

B031 Сән, дизайны білім беру бағдарламаларының тобы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе

2024 жыл - 10 орын
2025 жыл - 22 орын
"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Білім беру жоғары мектебі "Өнер " кафедрасының "6B02101 - Дизайн" білім беру бағдарламасының мазмұны дизайнның бірнеше саласы бойынша бакалаврларды дайындауды қарастырады.ББ мақсаты дизайнерлік міндеттерді стандартты түрде шеше алмайтын және жобалау қызметінде түбегейлі жаңа шешімдерді ұсына алатын, шығармашылық белсенділігі жоғары, қазіргі еңбек нарығында талап етілетін бакалавр-дизайнерлерді дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді

Еңбек сыйымдылығы Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 265 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 300 кредит
Оқу мерзімі 5 жыл

Мақсаты

Заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие, шығармашылық белсенділігі жоғары, дизайнерлік міндеттерді стандартты емес түрде шеше алатын және жобалық қызметте түбегейлі жаңа шешімдер ұсына алатын бакалавр-дизайнерлерді дайындау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6B02101 - Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі art менеджер; - жарнама дизайнері; - интерьер дизайнері; - сән дизайнері; - полиграфиялық өнім дизайнері
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы Өндірістік, конструкторлық және жобалау ұйымдары, жарнамалық және дизайнерлік агенттіктер
Кәсіби қызмет нысаны - жобалау ұйымдары; - жарнамалық агенттіктер; - өндіріс ұйымдары; - текстилді өнеркәсіп ұйымдары; - сән дизайны мекемелері
Кәсіби қызмет түрлері - жобалау-конструкторлық (дизайнер маманының басшылығымен): тұжырымдаманы, жобаларды, макеттерді, жаңа объектілердің модельдерін, ансамбльдерді, бұйымдарды және өнімдерді әзірлеуді қамтиды; - ұйымдастырушылық-басқарушылық: жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару саласындағы Кәсіби компьютерлік бағдарламаларды меңгеруді, Бәсекелестік және бизнес жағдайында кәсіпкерлік және қаржылық қызметтің нысандарын, қағидаттарын, стратегиясын зерделеуді көздейді