6B01707 — Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Бөлімдер
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы Шәкәрім университетінің филология жоғары мектебі, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы оқытушылары, жұмыс беруші тарапынан Семей қаласының «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ және «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорлары және «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 3 курс студенттерінің қатысуымен әзірленді.
6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын барлық мектеп түрлері үшін ортақ болып табылады және бірыңғай деңгейдегі «Қазақ тілі және әдебиет» пәні бойынша пән мұғалімін дайындауға арналған. Білім беру бағдарламасы педагогикалық және әдістемелік құзыреттілік арқылы ғылымның барлық салалаларында әдеби, ғылыми, ресми, іскерлік, саяси, заң және экономикалық тілдерді меңгеру арқылы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағдарланған. Заманауи қазақстандық қоғамның қажеттіліктеріне (қазақ-орыс қос тілділік) сәйкес қазақ және орыс тілді мектептерде және барлық типтегі жалпы білім беретін ұйымдарда қазақ тілі мен әдебиетті оқытатын болашақ мұғалімдерді даярлайды. Тілді үйренудің соңғы инновациялық халықаралық тәжірибелеріне сәйкес тіл иелері мен басқаларға қазақ тілін үйрету әдістемесінің негізінде әзірленген
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Қазақ тілінде оқытпайтын барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті маман-педагог даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; - ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; - әдеби кеңесші; - мемлекеттік іс қағаздар жүргізуші |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 ) |
| Кәсіби қызмет саласы | • білім беру саласында: - жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ беру, жаңартылған білім мазмұнына сай әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы; • эксперименттік-зерттеу қызмет саласында: - ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі; - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу және қорытуы; - педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу; • ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әртүрлі деңгейде жоспарлауы; - оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы; • әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында: - көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы; • оқу-тәрбиелік қызмет саласында: - оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдарына, заңдылықтары мен принциптеріне, тәрбиелік механизмдерге сәйкес іске асырылуы; - сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы; - нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі; - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану; - оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы; - оқу-технологиялық қызмет саласында: оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану |
| Кәсіби қызмет нысаны | - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары; - бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер; - мамандандырылған мектептер; - әдеби, мәдени мекемелер, баспа орындары; - мемлекеттік органдар, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарындағы іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдері; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары |
| Кәсіби қызмет түрлері | - білім беру (педагогикалық) - ғылыми-зерттеу; - әдеби-шығармашылық; - ұйымдастыру-басқару; - өндірістік-басқарушылық |