6B01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті
Бөлімдер
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2023 жыл - 38 БҰ ішінен 7-орын
2024 жыл - 34 БҰ ішінен 6-орын
2025 жыл - 34 БҰ ішінен 2-орын
6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің филология факультеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасы оқытушылары, жұмыс беруші тарапынан Семей қаласының «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ және «А.Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорлары және «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 3 курс студенттерінің қатысуымен әзірленді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының өзіндік басты ерекшелігі – қазақ және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалімдер даярлауға бағытталған бағдарлама болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің негізгі ғылыми-практикалық курстары, әдістемелік бағыттағы курстармен қатар, орыс тілді аудиторияларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кіріктірілген пәндерді де («Қазақ және орыс тілдеріндегі салғастырмалы грамматика», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерін) қамтиды. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасымен білім алушылар білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, баспа ісі, құжаттар тілін жүргізу, аударма, БАҚ, тағы басқа қызмет бағыттары бойынша да маманданады
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру негізінде үздіксіз жетілдіру қағидасын жүзеге асыратын,жеке тұлға, қоғам және мемлекеттік міндеттері мен қажеттілігіне сай білім беру және тәрбие бағытында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін енгізе отырып өзін-өзі дамытатын және басқаратын тұлға қалыптастыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | Білім беру (педагогикалық) -қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: -қазақ тілді, сонымен қатар қазақ тілді емес өзге тілді жалпы білім беретін орта мектептерде ; - лицей, гимназияларда; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында. - мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы. - ғылыми-зерттеуші (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер); - әдеби-шығармашылық бағыттағы (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында) әдеби кеңесші; - БАҚ мекемелерінде әдеби қызметкер, корректор, редактор; - ұйымдастырушы-басқарушы (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); - өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) қызмет; - орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, білім бөлімдерінде, яғни мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде әдіскер; - аударма саласында (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында, білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында)аудармашы. - білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ісқағаз жүргізушісі; |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 ) |
| Кәсіби қызмет саласы | Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы еңбек нарығының сұранысына сәйкес анықталады: ▪ білім беру; ▪ ғылым; ▪ білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары); ▪ әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениаралық қатынас); құжаттар тілін жүргізу; аударма; БАҚ; мәдениет; өнер |
| Кәсіби қызмет нысаны | жалпы білім беру және бейіндік мектептер орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар) оқу орындары; ғылыми-зерттеу мекемелері; баспа ісінің қызметкері бастауыш мектептер; мамандандырылған мектептер; БАҚ; мәдениет саласының нысандары; мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар |
| Кәсіби қызмет түрлері | қазақ тілі мен әдебиеті- білім беру бағдарламасының бітіруші түлегі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік; 6) баспа ісі; 7) аударма 8) іс қағаздарын жүргізуші; 9) ұйымдастыру-басқару. – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту; – білім беру мекемелерінде тәлімгерлік қызметтер; – білім беру мекемелерінде әдіскерлік қызмет; – баспа өнімін әзірлеу, түзету, редакциялау; – лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; – мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу; – ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыру; – білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтік басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асыру. – ресми-іскерлік құжаттарды дайындау; –білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру-басқарушылықәрекеттерді жүзеге асыру; |