Мазмұнға өту

6B01501 — Математика

B009 Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе

2023 жыл - 3 орын
2024 жыл - 1 орын
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Жаратылыстану-математика факультетінің физика-математика ғылымдары мен информатика кафедрасы 6В01501-Математика білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Математика мұғалімдерін даярлау жөніндегі ББ 1934 жылдан бастап жұмыс істейді. ББ жұмыс істеген кезеңде 4604-ке жуық математик мұғалімді шығарды.
Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде бітіруші келесі құзыреттерге ие болуы керек: жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық білімге иелік етуі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының мазмұнын білуі, оқу жоспарларына сәйкес бағдарламаның тақырыптары мен бөлімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру және өткізу әдіс-тәсілін білу

Еңбек сыйымдылығы Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит
Оқу мерзімі 4 жыл

Мақсаты

Математиканы оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген, мәселелерді жоғары ғылыми-практикалық және техникалық тұрғыда шығармашылық және кәсіби деңгейде шеше алатын, жоғары дәрежелі жұмыс жүргізу үшін дайындалған, заманауи формациялы кәсіби бәсекеге қабілетті математика мұғалімін дайындау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже / біліктілік 6В01501 Математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі Педагог. Орта мектеп мұғалімі Колледждердің және басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері (өндірістік оқыту шеберлерінен басқа) Қосымша білім беру педагогтары
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі 6
Кәсіби қызмет саласы - математика пәнінің мұғалімі - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; - мемлекеттік басқару органдары; - өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысандарын ұйымдастыру; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. - бизнес, экономика қажет. - білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және т. б.); - білім беру ұйымдарында әдіскер; - педагогика ғылымдары саласындағы маман; ғылыми-зерттеу мекемелерінде
Кәсіби қызмет нысаны - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - білім беру мекемелерінің мемлекеттік органдары; - математиканы оқыту әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар
Кәсіби қызмет түрлері - математика оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; - педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; - жалпы білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті енгізу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық; - әлеуметтік-педагогикалық; - оқу-тәрбиелік