6B01101 — Педагогика және психология
Бөлімдер
В001 Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының тобы 6В01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - 15 орын
2023 жыл - 11 орын
2024 жыл -1 орын
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, жоғары білім беру мектебінің "Психология" кафедрасының "6B01101 - Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы жүзеге асырады, аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, гуманитарлы-экономикалық факультетінің педагогика және психология кафедрасының ПОҚ әзірледі және білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады. Білім алушылардың білім беру қызметін ББ мәліметтеріне сәйкес ұйымдастыру оқу процесін жоспарлау, білім беру мазмұны, оқу сабақтарын өткізу тәсілдерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмысы, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ББ-ның ерекше ерекшелігі педагог-психологтарды даярлау саласында шетелдік, отандық теориялық және практикалық тәжірибе синтезделгені, сондай-ақ инклюзивті білім беруді психологиялық сүйемелдеу үшін құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар аударылғаны болып табылады. Осы білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өткен оқытушылар қатысады
| Еңбек сыйымдылығы | Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады.Барлығы 240 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Мақсаты
Психологиялық қызмет жағдайында оқу-тәрбие үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін бакалаврларды дайындау, орта және арнайы оқу ұйымдарында педагогика және психология саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | педагог-психолог (мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру ұйымдары), білім беру ұйымдарының оқытушысы, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын (училищелер, колледждер) |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 (6.4) |
| Кәсіби қызмет саласы | Білім беру жүйесі |
| Кәсіби қызмет нысаны | - барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (ясли-бақшалар, шағын орталықтар); - жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері, гимназиялар, лицейлер, шағын жинақты мектептер, спорт мектептері, балалар үйлері; - арнайы түзету ұйымдары; -техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (училищелер, колледждер) |
| Кәсіби қызмет түрлері | Ұйымдастыру-технологиялық - озық педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру. Өндірістік-басқару - «субъект-субъект» өзара іс-әрекеті. Жобалау - жалпы білім беретін орта мектепте білім беруді модельдеу. Ғылыми-зерттеу - кез-келген түрдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында; - жоба, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, моделдеу және жүзеге асыру. Білім беру - педагогикажәне психологияны оқыту; - кадрларды даярлау және қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу |