Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы

Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы

Орталық басшысы

Байланыс ақпараты

071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қашаған көшесі, 2
Офис: 222

«Абай және ұлттық руханият» ҒО

Негізгі қызметтері

«Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығы – іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Негізгі қызмет бағыттары:

Ғылыми зерттеулер.

- Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұрасы мен Алаш идеяларын ұлттық руханият контексінде ғылыми зерттеу және заманауи технологиялар арқылы насихаттау;

- Абай, Шәкәрім шығармаларына текстологиялық жұмыстар жүргізіп, академиялық басылымын ғылыми түсініктемелермен толықтыруға үлес қосу;

- Ғылыми және мәдени-көркем бағыттағы шараларды (ғылыми конференциялар, дәріс, әдістемелік семинар, мастер-класс, әдеби кеш, көрме) жоспарлау және өткізу;

- Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жарияланатын гранттық жобаларға қатысу.

Оқу үдерісі.

- Орталықты «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәжірибелік жұмыстарын жүзеге асыратын тұрақты ғылыми-тәжірибелік база ретінде нығайту;

- «Абай әлемі», «Абайтану» пәндерін оқу үдерісіне енгізу арқылы мектеп оқушылары мен студенттердің тарихи-мәдени танымын арттырып, рухани санасын қалыптастыруға ықпал ету.

Жас ғалымдар ғылымы.

- Шығармашылықпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға қолдау білдіру мақсатында «Абай клубы» студенттер үйірмесін жүйелі түрде жүргізу.

Ынтымақтастық.

- М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен гранттық жобаларға қатысу;

Әдістемелік қолдау.

- Абайтану, шәкәрімтану пәндерін жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту бойынша қолдау көрсету;

- Университеттің білім алушылары мен жас ғалымдарына ғылыми жұмыс бойынша бағыт-бағдар, кеңес беру.

Жарияланымдар.

- Абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, өңірдің әдеби тарихы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, еңбектер жариялау;

- Университеттің интеллектуалды өнімдерін әзірлеу.

Біздің миссия

Абай, Шәкәрім, алаш зиялыларының әдеби мұрасын зерттеу, насихаттау, білім беру үдерісіне енгізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы ұлттық руханиятты жаңғыртып, орталықтың қоғамдағы миссиясын жүзеге асыру.

Қызметкерлер 3

Еспенбетов Арап Сләмұлы

Еспенбетов Арап
Сләмұлы

Жетекші ғылыми қызметкер

Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы

Ердембеков Бауыржан
Амангелдіұлы

Жетекші ғылыми қызметкер

Мұсағалиева Камшат Амантайқызы

Мұсағалиева Камшат
Амантайқызы

Жетекші ғылыми қызметкер