6B01508 — Химия
Бөлімдер
B012 Химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - репрезентативті емес деректер
Жаратылыстану-математикалық факультетінің жаратылыстық -ғылымдар пәндері оқу кафедрасы «6В01508 Химия» білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүргізуде.
«Химия» білім беру бағдарламасына бакалаврларды дайындау жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде, қашықтықтан оқыту - жоғары білім негізінде жүргізіледі. Күндізгі бөлімге дайындық мерзімі - 4 жыл, қашықтықтан оқыту - 2 жыл.
Оқу аяқталғаннан кейін «Химия» білім беру бағдарламасының түлектеріне «6В01508 Химия» білім беру бағдарламасы бойынша - білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі
| Еңбек сыйымдылығы | Бакалаврларды дайындаудың білім беру оқу үрдісінің толықтығының негізгі критерийі - теориялық оқытудың кемінде 205 кредитті меңгеруі, сонымен қоса 25-тен кем емес тәжірибелік кредиттер (оқу/ғылыми жұмыстың басқа түрі), 12- ден кем емес кредит дипломдық жұмыстың (жоба) жазылуы мен қорғалуына немесе кешенді емтихан дайындығына және тапсыруына беріледі. Барлығы 242 кредит |
| Оқу мерзімі | 4 жыл |
Түлектің біліктілік сипаттамасы
| Берілетін дәреже / біліктілік | 6В01508 Химия » білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
| Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі | химия мұғалімі; оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде зертханашы; оқу шебері; оқу орындарындағы лауазымды тұлғалар (оқу орнының директоры, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және т.с.с) білім беру ұйымдарында әдіскер; ғылыми-зерттеу мекемелерінде педагогика ғылымдары аймағының маманы; |
| СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі | 6 |
| Кәсіби қызмет саласы | ғылыми-зерттеу мекемелері; Орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; мемлекеттік білім беру бөлімдері ; өз жұмысында химияны оқыту әдістемесін пайдалана отырып, әртүрлі жеке меншік нысандарын ұйымдастыру |
| Кәсіби қызмет нысаны | ғылыми-зерттеу мекемелері; Орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; мемлекеттік білім беру бөлімдері ; өз жұмысында химияны оқыту әдістемесін пайдалана отырып, әртүрлі жеке меншік нысандарын ұйымдастыру |
| Кәсіби қызмет түрлері | Химияны оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; Жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру; үйымдастырушы-басқарушылық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-тәрбиелік |