ПОҚ лауазымдық бос орындарына конкурс 12.06.2026
Опубликовано: 12.06.2026
«ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ БОС ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Тамақ технологиясы кафедрасының профессор-зерттеушісі – 3 бірлік
2. Биоинженерлік жүйелер кафедрасының профессор-зерттеушісі – 1 бірлік
3. Құрылыс және геодезия кафедрасының профессор-зерттеушісі – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: PhD дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, не ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты / ғылым докторы) және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы болуы тиіс;
Хирш индексі жаратылыстану-техникалық бағыттағы ғалымдар үшін – 6 жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғалымдар үшін – 5 жоғары;
Ғылыми жарияланымдары: Соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1-ші, 2-ші квартильге кіретін журналдарда кемінде 3 (үш) мақаланың болуы немесе Scopus дерекқоры бойынша CiteScore көрсеткіші 50%-тен төмен емес журналдарда мақалалардың болуы;
Соңғы 3 жылда отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 5 (бес) мақала немесе шолудың жариялануы, олар Қазақстанның Оқу орындары мен ғылыми кеңестері ұсынған басылымдар болуы тиіс.
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы талаптар:
Соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші квартильге кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолудың болуы немесе Scopus дерекқоры бойынша CiteScore көрсеткіші 35%-тен төмен емес журналдарда мақала болуы;
Соңғы 3 жылда отандық ЖБССҚЕК ұсынған басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала немесе шолудың жариялануы.
Шетел тілін білу деңгейі В1-ден төмен емес болуы құпталады;
ORCID ID және Scopus, Web of Science, ResearchGate, Google Scholar халықаралық ғылыми базаларындағы профильдердің болуы талап етіледі.
.
.
1. Тарих және өнер кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 1 бірлік
2. Тамақ технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 2 бірлік
3. Биоинженерлік жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 2 бірлік
4. Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 1 бірлік
5. Химия және экология кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 1 бірлік
6. Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 2 бірлік
7. Құрылыс және геодезия кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 1 бірлік
8. Ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеушісі – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: PhD дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, не ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты / ғылым докторы) және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы;
Хирш индексі жаратылыстану-техникалық бағыттағы ғалымдар үшін – 4 жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғалымдар үшін – 3 жоғары;
Ғылыми жарияланымдары: Соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші квартильге кіретін журналдарда кемінде 3 (үш) мақаланың болуы немесе Scopus дерекқоры бойынша CiteScore көрсеткіші 35%-тен төмен емес журналдарда мақалалардың болуы;
Соңғы 3 жылда отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 5 (бес) мақала немесе шолудың жариялануы, олар Қазақстанның Оқу орындары мен ғылыми кеңестері ұсынған басылымдар болуы тиіс.
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы талаптар:
Соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші квартильге кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолудың болуы немесе Scopus дерекқоры бойынша CiteScore көрсеткіші 35%-тен төмен емес журналдарда мақала болуы;
Соңғы 3 жылда отандық ЖБССҚЕК ұсынған басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала немесе шолудың жариялануы.
Шетел тілін білу деңгейі В1-ден төмен емес болуы құпталады;
ORCID ID және Scopus, Web of Science, ResearchGate, Google Scholar халықаралық ғылыми базаларындағы профильдердің болуы талап етіледі.
.
.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш (https://shakarim.edu.kz/storage/upload/editor/vacancy/19082025-KAZ-zaavlenie.docx);
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан нықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде. (12.06.2026 ж.- 21.06.2026 ж.)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: F17P8F7, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 8 777 227 09 85
.
.
.
.
Қосымша қолдау шаралары:
.
1. Мансаптық өсу моделі;
2. Жарияланым белсенділігін қолдау (Scopus/WoS);
3. Жобалық кеңсе;
4. Зерттеуші лауазымдары үшін оқу жүктемесін төмендету жүйесі;
5. KPI жүйесі;
6. Шақырылған ПОҚ студенттер үйлеріне орналастыру жүйесі;
7. Қызметкерлер мен ПОҚ-ны әлеуметтік қолдау бағдарламасы.