Новости 30.01.2026 222

Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір

Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір

Бүгін Шәкәрім университетінде Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Жастар арасындағы құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында телекөпір ұйымдастырылды.

Телекөпір жұмысына Ішкі саясат басқармасы бас маманы Елдос Есентай, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Азамат Қажыбаев, Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы, әділет капитаны Гүлмира Колмакова; ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «№20 мекеме» РММ сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет капитаны Ербұлан Серікұлы, Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Дастан Бекбаев және Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов, Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы Арайлым Оразғалиева т.б. қатысты.

Аталған телекөпірде: көбіне жастар білмегендіктен жиі бұзатын заң нормалары, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың басты себебі, құқықбұзушылықтың алдын алуда заңнан бөлек қандай тетіктер қарастырылатыны, сотталған жастардың қоғамға қайта бейімделуіне келтірілетін кедергілер т.б. көптеген мәселелер талқыланып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Телекөпір барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті №20 мекемесінің сотталушыларымен байланыс орнатылып, олар өздерінің бастарынан өткен оқиғаларын, қандай заң бұзушылықтарға барып, жазаларын өтеп отырғандарын, әрине, қатты өкінетіндерін айтып, жастарға бұндай құқық бұзушылықтарға бармауға кеңес берді.

Қазіргі уақытта жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Заңды білу, оны сақтау және өз әрекетіне жауап беру – әрбір жастың азаматтық борышы. Болашақ – заңды құрметтейтін саналы жастардың қолында.

Іс-шара соңында білім алушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу, қиын жағдайда сенімді адамдардан немесе мамандардан көмек сұрау, спортпен, шығармашылықпен айналысу, заңды сақтау және өз болашағына бейжай қарамау, әлеуметтік желіде құқықтық ақпаратты кеңінен тарату, жастарға арналған құқықтық тренингтер ұйымдастыру ұсыныстары жасалды.

Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір
Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір
Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір
Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір
Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір
Жауапкершілік сабағы: Жастарға арналған телекөпір

Комментарии (0)

Оставить комментарий