Сөз ғұмыр» республикалық сайысы өтті
Шәкәрім университетінде көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған «Сөз ғұмыр» республикалық сайысы өтті. Сайысқа 15 оқу орнынан, атап айтқанда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті және т.б. оқу орындарынан студенттер қатысты.
Сайыс нәтижесінде Бас жүлдені Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студенті Шамиль Несіпбай жеңіп алды. I-орынды Шәкәрім университетінің 3-курс студенті Мерей Тұрарбек иеленсе, II-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студенті Абзал Балқыбек пен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті Алуа Бекбаулова еншіледі.
III-орынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Нұрбол Сайынов, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 3 курс студенті Бекарыс Нұрамхан, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Рамазан Дәуренбекұлы лайық деп танылды.
Ал Зейнолла Сәнік атындағы шәкіртақыны Шәкәрім университетінің 3-курс студенті Әлия Нұрмұхаметова иеленді.