Новости 15.04.2026 79

Республикалық пәндік олимпиадада топ жарды!

Республикалық пәндік олимпиадада топ жарды!

XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Шәкәрім университетінің студенттері I орын иеленді.

13–15 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Өнер факультетінің ұйымдастыруымен «В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткен еді.

«Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өткізілген білім бәйгесі өнер педагогикасының өзектілігін заманауи білім беру талаптарымен ұштастыруға бағытталды. Олимпиаданың «Көркем білім берудегі заманауи әдістер мен технологиялар» деген атауы шығармашылық ойлауды цифрлық құралдармен, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен және педагогикалық зерттеулермен кіріктіруді көздеді.

Байқау барысында қатысушылар кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін және инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану дағдыларын көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шәкәрім университетінің 2-курс студенттері Әсемай Победина мен Балнұр Байгапанова жоғары деңгейдегі шеберліктерін танытып, жүлделі I орынды иеленді.

Аталған жетістік – студенттердің сапалы білімінің, шығармашылық ізденісінің және университетте жүргізіліп жатқан жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Республикалық пәндік олимпиадада топ жарды!
Республикалық пәндік олимпиадада топ жарды!

Комментарии (0)

Оставить комментарий