Новости 30.01.2026 273

«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында

«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында

Шәкәрім Университетінде Ұлттық баспасөз күніне арналған ««Қазақ» газеті» дөңгелек үстел отырысы өтті. «Қазақ» газетінің тарихы мен маңызын жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысы Алаш зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбегін еске алуға мүмкіндік берді.

Іс-шараны ашқан ғылым жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы студенттерді алда келе жатқан Ұлттық баспасөз күнімен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқан студенттерге алғыс хаттар табыстады.

ХМ-2501 және ХМ-2502 топтарының студенттері белсенділік танытып, «2 ақпан - Ұлттық баспасөз күні», «Қазақ газеті», «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов», «Ахмет Байтұрсынов», «Міржақып Дулатов», «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алаш автономиясы», «Алаш қаласы» сынды тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады. Бұл баяндамалар арқылы студенттер өздерінің зерттеу жұмыстары мен білімдерін ортаға салып, Алаш арыстарының еліміздің тарихындағы орнын айқындады.

Дөңгелек үстел отырысы барысында студенттер тек баяндама жасап қана қоймай, сонымен қатар, «Қазақ» газетінің сол кезеңдегі қазақ қоғамы үшін атқарған рөлі, оның ұлттық сананы оятудағы, білім мен мәдениетті көтерудегі маңызы туралы қызу пікірталастарға қатысты. Олар газеттің беттерінде жарияланған мақалалардың бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанын, Алаш зиялыларының арман-мұраттарының қазіргі Қазақстанның даму бағыттарымен үндесетінін атап өтті. Әсіресе, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты тұлғалардың қазақ тілінің тазалығын сақтау, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру және қазақ мемлекеттілігін нығайту жолындағы еңбектері ерекше аталып өтті.

Маңызды іс-шараны ұйымдастырушы – педагогика ғылымдарының магистрі Г.Е. Мамаева студенттерге алғысын білдіріп, олардың Алаш мұрасын зерттеуге деген ынтасын жоғары бағалады.

Бұл іс-шара Шәкәрім университетінің жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге және олардың бойында тарихи жауапкершілікті қалыптастыруға деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.

«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында
«Қазақ» газеті: Алаш мұрасы жастардың жадында

Комментарии (0)

Оставить комментарий