19 марта, 2026 Объявление
От: Медиа-центр

«Төрлет, Наурыз!» – ұлттық дәстүр мен рухани жаңғырудың бастауы

«Төрлет, Наурыз!» – ұлттық дәстүр мен рухани жаңғырудың бастауы

Шәкәрім университетінде «Digital Nauryz – 2026» жобасы аясында «Төрлет, Наурыз!» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтауға арналған бұл мереке ұлттық дәстүрлер мен заманауи форматты үйлестіре отырып өткізіледі.

Мерекелік бағдарлама аясында арнайы 6 тақырыптық киіз үй тігіліп, әрқайсысы өзіндік мазмұн мен мәнге ие ауылдар ретінде таныстырылады.

Әр ауылда ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылады. Мереке барысында аластау рәсімі өткізіліп, жыршылар жарапазан айтып, ақындар арнау өлеңдерін арнайды, сондай-ақ ұлттық сән көрсетілімі де өтеді.

Іс-шара аясында ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар кеңінен қамтылады. Футбол алаңдарында садақ ату, тир, корнхол және «сағат тілі» ойындары ұйымдастырылса, жатақхана маңындағы алаңда асық ату, ләңгі тебу, қол күрес және алтыбақан дәстүрлі ойындарынан сынға түседі.

Сіздерді Шәкәрім университеті көктем мерекесін бірге қарсы алуға шақырады!

Өтетін күні: 20 наурыз 2026 жыл

Уақыты: 12:00

Өтетін орны: Шугаев көшесі, 159/3,

№8 оқу ғимараты алаңы

Объявление от 19 марта, 2026