17 февраля, 2026 Объявление
От: Медиа-центр

Талаптының шырағын жағар «Шәкәрім білім гранты» олимпиадасы!

Талаптының шырағын жағар «Шәкәрім білім гранты» олимпиадасы!

Шәкәрім университеті Абай облысы Білім басқармасымен бірлесіп, университеттің 1963 жылғы түлегі, 1963 – 2018 жылдар аралығында университетте үздіксіз қызмет істеген, Қазақстанның және КСРО-ның білім беру ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлының туғанына 85 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында «Шәкәрім білім гранты» жүлдесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиада өткізеді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – іріктеу кезеңі, онлайн форматта 19.02.2026 – 22.02.2026 аралығында тестілеу түрінде өтеді. Олимпиадаға қатысу үшін өтініш беру, бірінші кезеңнің талаптарымен танысу және бірінші кезеңнің тапсырмаларын орындау мына (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeJnGUiIv-dYDJsTwH4FQQ_Dry-HTS46YmxAOWYLrSjwrLGVw/viewform?usp=publish-editor) сілтемеге өту арқылы жүзеге асырылады. Осы күндер аралығында ғана Google-форма ашық болады.

Екінші (негізгі) кезең офлайн форматта 27.03 - 28.03.2026 күндері өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.

Білім бәйгесінен қапы қалмаңыздар!

Объявление от 17 февраля, 2026