3 февраля, 2026 Объявление
От: Медиа-центр

Veterinary new step – ғылым мен тәжірибе тоғысы»

Veterinary new step – ғылым мен тәжірибе тоғысы»

Шәкәрім университетінде «Veterinary new step – Ғылым мен тәжірибе тоғысы» тақырыбымен  ветеринария саласындағы маңызды ғылыми іс-шара өтеді.

Іс-шара аясында «8D091 Ветеринария» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің ресми ашылуы, сондай-ақ докторанттың диссертациялық жұмысының кафедралық алдын-ала қорғауы өткізіледі.

Сонымен қатар, докторанттар, постдокторанттар және гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылады.

Ғылыми бағдарлама ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді қамтып, эпизоотология, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік және мал шаруашылығындағы заманауи ғылыми тәсілдер бойынша кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Ғылыми жиынға Абай облысының ветеринария қызметінің мамандары, шаруа қожалықтарының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен жас зерттеушілер қатысады.

 

Объявление от 3 февраля, 2026