
Мақсаты: Өнерге қызығушылығы бар білім алушыларды бір арнаға тоғыстыру және олардың шығармашылығын жан-жақты дамытып университеттің мәдени іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Міндеттері:
1. Өнерге бейімі бар студенттердің шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау;
2. Студенттердің ән, би, театр, аспаптық өнер саласындағы талантын дамыту;
3. Филормония құрамындағы өнерпаздардың бірлескен шығармашылық жұмысына қолдау көрсету;
4. Университеттің мәдени-бұқаралық іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу;
5. Студенттердің өнер арқылы рухани дүниесін байытып, эстетикалық талғамын арттыру;
6. Жас өнерпаздарды республикалық, халықаралық байқауларға дайындап, қатыстыруға мүмкіндік жасау.
«Наркескен» ақындар мектебі
Мақсаты: Жас қаламгерлердің ақындық қабілетін шыңдау және айтыс өнеріне баулу арқылы шығармашылық еркіндігін дамытып, ұлттық әдеби мұраға сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
1. Жастардың поэзияға, көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2. Үйірме мүшелерінің өлең, поэзия және көркем мәтін жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Қазақ әдебиетінің классикалық және заманауи өкілдерінің шығармаларын насихаттау, әдеби талдау мәдениетін қалыптастыру.
4. Ақындық шеберлікті шыңдау мақсатында әдеби сабақтар, шеберлік сағаттары, шығармашылық кездесулер ұйымдастыру.
5. Үйірме мүшелерінің шығармаларын жинақтау, жариялау және әдеби ортаға таныстыруға ықпал ету.
6. Университет көлемінде және қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі әдеби-мәдени іс-шараларға белсенді қатысу.
«NOMADIA BAND» Шәкәрім университетінің бэнді
Мақсаты: Студенттердің музыкалық шығармашылығын дамыту, заманауи және ұлттық музыканы ұштастыра отырып университеттің мәдени имиджін көтеру, талантты жастарды анықтап, кәсіби сахнаға дайындау.
Міндеттері:
1. Студенттердің музыкалық қабілеттерін (вокал, аспапта ойнау) дамыту және жетілдіру.
2. Заманауи музыкалық бағыттар мен ұлттық әуендерді үйлестіре отырып, сапалы репертуар қалыптастыру.
3. Университетішілік, қалалық, аймақтық және республикалық мәдени іс-шараларға белсенді қатысу.
4. Сахналық мәдениет, көрерменмен жұмыс істеу және тірі орындау дағдыларын қалыптастыру.
5. Шығармашылық жобалар, концерттік бағдарламалар, арнайы музыкалық кештер ұйымдастыру.
6. Басқа шығармашылық ұжымдармен бірлескен жұмыстар жүргізу.
«Шыңғыстау» этнофольклорлық ансамблі
Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық-фольклорлық мұрасын сақтау, жаңғырту және насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жас орындаушылардың кәсіби және шығармашылық өнерін дамыту.
Міндеттері:
1. Қазақтың халық әндері, күйлері, терме-жырлары мен дәстүрлі әуендерін зерттеп, сахналық форматта орындау.
2. Ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау мәдениетін дамыту және жетілдіру.
3. Университетішілік, қалалық, аймақтық және республикалық мәдени іс-шараларға белсенді қатысу.
4. Жас орындаушылардың ансамбльдік орындау, сахналық мәдениет және көркемдік талғамын қалыптастыру.
5. Студенттік филармония және басқа шығармашылық ұжымдармен бірлескен жобалар жүзеге асыру.
6. Концерттік бағдарламалар, этно-кештер, мәдени-танымдық шаралар ұйымдастыру.
7. Қазақтың дәстүрлі өнерін кең аудиторияға таныту арқылы мәдени мұраның сабақтастығын қамтамасыз ету.
«SHAKARIM TOLQYNY» радиосы
Мақсаты: Университет білім алушыларын, оқытушыларын, түлектерін және талапкерлерді өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайтын заманауи мульти-платформа медиа орталық құру.
Міндеттері:
Жедел ақпарат: Университет өміріндегі жаңалықтар мен оқиғалар туралы ақпарат тарату.
Маңызды хабарландырулар: Оқу процесіне, ғылыми жобаларға қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету.
Танымдық контент: Авторлық бағдарламар, подкасттар мен сұхбаттар арқылы университет жастарын дамыту.
Музыкалық атмосфера: Позитивті және заманауи музыкалық атмосфера қалыптастыру.
Live performance: Талантты білім алушыларға өз өнерін life форматта көрсетуге мүмкіндік беру.
Имиджді нығайту: Талапкерлер мен қала жастары арасында университет имиджін нығайту
Миссиясы: Университеттің біріңғай ақпараттық, шығармашылық және интеллектуалдық кеңістігін құру арқылы білім алушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, корпоративтік рухты және кәсіби дағдыларды қалыптастыру