Ректор университета

Блог ректора

Новости, мысли и ответы на вопросы от руководства университета

Задать вопрос

Вопросы и ответы

Бекарыс Усенов
27 сентября 2023

Вопрос:

Шәкәрім университеті жекеменшік пе әлде мемлекеттік пе?

Ответ ректора:

Қайырлы күн! Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып саналады.

Нурмухамет
31 августа 2023

Вопрос:

Сәлеметсіз бе шетел азаматты жатақханаға неге орналастырмайды келгені екі күн болды әлі орналаса алмай жүрмін

Ответ ректора:

Қайырлы кеш! Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі жетекшісі Бауыржанова Айгүл Заманбекқызына +7 702 852 2203 хабарласыңыз.

Серік
10 августа 2023

Вопрос:

Сіздерде Қазақ тілі, Қазақ Әдебиет пәнінің мамандығына қандай гранттар бар екен бізде 101 балл еді ешқандай жеңілдігіміз жоқ

Ответ ректора:

Қайырлы күн, Серік! Студенттің ақылы негізде оқуға түскен мамандығы бойынша жеңілдік түрлері белгілі бір санаттарға қатысты қарастырылады. Оқу үлгерімі жоғары, республикалық немесе әлемдік деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанса, жеңілдік түрлері комиссия отырысының шешімімен қарастырылады. https://shakarim.edu.kz/ университеттің парақшасына кіріп, Университет - Құжаттар батырмасында бекітілген жоғарғы оқу орнының жарғысымен таныса аласыздар.

Ерзат
06 августа 2023

Вопрос:

Паспорт жогалтып алдым. Паспортты каспи кз аркылы корсетуге боладма?

Ответ ректора:

Сәлеметсіз бе! Жеке куәлігіңізді жоғалтып алсаңыз, халыққа қызмет көрсету орталығында құжатты қайта жасатып алғаныңыз жөн. Егер де құжат өткізу немесе алу жұмыстары үшін қажет болса, Kaspi.kz қосымшасы арқылы жеке куәлігіңізді көрсетсеңіз болады.

Сағынғалиева Жадыра
02 августа 2023

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Вакантты гранттардың результаттары қашан шығады?

Ответ ректора:

Қайырлы күн, Жадыра! Ағымдағы жылдың екінші тамыз айында "Ваканттық грант" бойынша жиналыс комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті. Барлық ақпарат 04.08.2023 ж. университеттің сайтында жарияланады. Кандидатуралар тізімі Министрлікке ұсыныс түрінде беріледі, кейін соңғы шешімді республикалық комиссия құрамы қабылдайды.

Последние записи

Уважаемые абитуриенты!
16 августа 2025

Уважаемые абитуриенты!

Вы стоите перед ответственным выбором. По сути, сегодняшний...