Новости 06.01.2026 328

Сексен бесінде сертификат алған ұстаз

Сексен бесінде сертификат алған ұстаз

Шәкәрім университетінде «Күміс университет» тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді. Аталған бағдарлама аясында жас ерекшелігіне қарамастан, ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен 43 ұстаз түрік тілін меңгергендігін растайтын сертификатқа ие болды.

Солардың ішінде биыл 85 жасқа толатын ардагер ұстаз, математика пәнінің оқытушысы Илья Мұхаметжанқызының еңбегі мен ізденісі көпке үлгі. Ардақты ұстаз зейнет жасына жетсе де, білімін жетілдіруді тоқтатпай, бірнеше шет тілін меңгеріп, өмір бойы оқу қағидасына адал екенін дәлелдеп келеді.

«Жасым сексеннен асқанша осы университетте математикадан сабақ бердім. Зейнеткерлік демалысқа шыққан соң, алған білімімен шектеліп қалмай, уақытымды тиімді пайдаланып ағылшын тілін оқуға ден қойдым. Бізге осындай мүмкіндік берген Шәкәрім университетінің басшылығына ерекше алғысымды айтамын»- дейді өнегесі үлгі болған қарт ұстаз.

«Күміс университет» – зейнеткерлердің де кәсіби дамуына мүмкіндік беретін бірегей жоба. 2025 жылдың қаңтар–мамыр, қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында тыңдаушылар А1–А2 деңгейлері бойынша білімдерін жетілдірсе, алдағы жылы В1–В2 деңгейлерінде оқуларын жалғастырмақ.

Қазақтың ұлы ойшыл, философы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім» деп жырлауы осындай ізденістен туғаны анық.

Сексен бесінде сертификат алған ұстаз
Сексен бесінде сертификат алған ұстаз
Сексен бесінде сертификат алған ұстаз

Комментарии (0)

Оставить комментарий