Новости 13.03.2026 57

«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы

«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы

Шәкәрім университетінде Құрылыс және геодезия кафедрасының ұйымдастыруымен құрылыс саласының бағыттарына арналған «Құрылыс Quiz» атты зияткерлік ойын өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін тереңдету, олардың кәсіби қызығушылығын арттыру және болашақ инженерлердің аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Квиз ойынына кафедраның білім алушылары қатысып, өзара білім сайысына түсті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушыларға құрылыс материалдары, архитектура, геодезия, инженерлік есептеулер, сондай-ақ әлемдегі әйгілі құрылыс нысандары туралы түрлі деңгейдегі сұрақтар ұсынылды.

Ойын барысында командалар тек теориялық білімдерін ғана емес, логикалық ойлау қабілеттерін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және командалық жұмыс мәдениетін де көрсете білді. Қатысушылар күрделі сұрақтарға жауап беріп, құрылыс саласына қатысты өз білімдерінің деңгейін дәлелдеді.

Интеллектуалдық сайыс білім алушылардың кәсіби бағыттағы білімін нығайтуға және болашақ мамандардың шығармашылық әрі сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Ілияс Тоғанұлы жоғары нәтиже көрсеткен командаларды алғыс хаттармен марапаттап, білім бәйгесінде сәттілік тіледі.

Мұндай зияткерлік ойындар білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ кәсіби қызметіне қажетті білім мен дағдыларды дамытуға ықпал етеді.

«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы
«Құрылыс Quiz»: болашақ инженерлердің зияткерлік сайысы

Комментарии (0)

Оставить комментарий