01.07.2026 жылға бос лауазымға орналасуға Конкурс (Комплаенс офицер)
Опубликовано: 01.07.2026
«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орынға конкурс жариялайды:
Комплаенс-офицер - 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. жоғары кәсіптік білім (заң, инженерлік-экономикалық, қаржы-экономикалық);
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы дайындық және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
3. афиллирленген тұлға болмауы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
• конкурсқа қатысуға өтініш;
• кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
• өмірбаян;
• жеке куәлік көшірмесі;
• жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
• қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
•жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
• соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
• құжаттарды тапсыру күніне дейін 6 айдан аспайтын мерзімде берілген №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
• тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бой
ынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
• конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
• конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 кабинет. Анықтама телефоны: 8(7222)31-31-72