Minor « Тұтас педагогикалық процесті басқару»

Пән кәсіби педагогикалық шеберлікті және тәрбиелік үдерістің психологиялық негіздерін түсінуді қалыптастыруға бағытталған. Онда тұлға дамуының заңдылықтары, педагогикалық өзара әрекет әдістері және тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру технологиялары қарастырылады. Курс тиімді қарым-қатынас дағдыларын, тәрбиелік жағдайларды талдау және педагогикалық тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдау қабілеттерін дамытады.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Болашақ педагогтардың тұлға дамуының заңдылықтары мен педагогикалық өзара әрекет механизмдерін түсінуге негізделген тиімді тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруға кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін және психологиялық дайындығын қалыптастыру.

Педагогикалық құзыреттілік — тәрбиелік үдерісті білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау, ұйымдастыру және сүйемелдеу қабілеті.

Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік — тұлға дамуы, мотивациясы және мінез-құлқы туралы білімді тәрбиелік қызметте қолдана білу.

Коммуникативтік құзыреттілік — педагогикалық қарым-қатынастың тиімді әдістерін, өзара әрекеттесу мен қақтығыстарды шешу дағдыларын меңгеру.

Жобалаушылық құзыреттілік — тәрбиелік бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру қабілеті.

Аналитикалық құзыреттілік — педагогикалық жағдайларды талдау, тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалау және негізделген шешімдер қабылдау қабілеті.

Рефлексивтік құзыреттілік — өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі жетілдіруге және педагогикалық шеберлікті дамытуға дайындық.

1.Білім алушылардың тұлғалық даму және мінез-құлықтың психологиялық заңдылықтарын;педагогикалық шеберліктің негіздері мен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін;тәрбиелік жұмыс әдістері мен технологияларын;тәрбиелік үдерісті және педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру қағидаттарын.

2.Психологиялық білімді педагогикалық және тәрбиелік қызметте қолдануды; тәрбиелік іс-шараларды білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жобалау және жүзеге асыруды;педагогикалық қарым-қатынас пен ықпал ету әдістерін тиімді пайдалануды; тәрбиелік жағдайларды талдап, педагогикалық тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдауды.

3. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын; тәрбиелік үдерісті ұйымдастыру және сүйемелдеу технологияларын;тәрбиелік нәтижелерді диагностикалау және бағалау құралдарын;өзіндік рефлексия, өзін-өзі дамыту және педагогикалық шеберлікті жетілдіру дағдыларын.

 

Minor курстары

Сипаттамасы

1.

Педагогикалық шеберлік

«Педагогикалық шеберлік» пәні болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пән мазмұнына педагогикалық қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, оқыту әдістері, тұлғалық қасиеттерді жетілдіру, педагогикалық техника мен шығармашылықты қалыптастыру кіреді. Студенттер теориялық біліммен қатар, практикалық тапсырмалар арқылы өз кәсіби шеберлігін жетілдіреді.

2.

Тәрбие жұмысының әдістемесі

«Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәні тәрбиелік процестің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін қарастырады. Пәнде тәрбиенің принциптері, әдістері, формалары және оқушылардың адамгершілік, мәдени-әлеуметтік құндылықтарын дамыту жолдары зерттеледі. Студенттер тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгеріп, кәсіби құзыреттілігін арттырады.

3.

Педагогикалық психология

Оқу қызметінің әртүрлі салаларында қолдау көрсету.Әдістер мен формаларды пайдалана отырып, кәсіби қызмет мазмұнының ерекшеліктерін талдаубілім берудегі жаңа технологияларды анықтай отырып, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен ынтымақтастық.