Minor «AutoCAD ортадасында цифрлық жобалау және визуализация»

Пән AutoCAD ортада цифрлық жобалау мен визуализацияның заманауи тәсілдерін үйретеді. Студенттер 2D/3D модельдеу, графикалық құжаттарды дайындау және жобаларды ұсыну дағдыларын меңгереді. Негізгі басымдық идеяны дәл әрі түсінікті визуалды түрде жеткізу қабілетін қалыптастыруға беріледі.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Майнордың мақсаты – заманауи бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, цифрлық жобалау және визуализация дағдыларын қалыптастыру, графикалық модельдерді дайындау және ұсыну құзыреттерін дамыту.

Жобалық міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды қолдану құзыреттілігі, Ақпаратты визуалды модельдеу және графикалық ұсыну қабілеті, Техникалық құжаттармен және визуалды материалдармен жұмыс істеу дағдысы, Жобалық әрекетте тиімді өзара әрекеттесу құзыреттілігі.

Инженерлік графика принциптерін, жобалық құжаттаманы рәсімдеу ережелерін біледі, AutoCAD ортасында нысандардың 2D-сызбаларын және 3D-модельдерін жасай алады, жобалық шешімдерді визуалды түрде ұсыну және визуалды материалдарды дайындау әдістерін меңгерген.

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Инженерлік графика негіздері және 2D-жобалау

Пән инженерлік графика негіздерін, проекциялау әдістерін және техникалық сызбаларды орындау ережелерін қарастырады. Графикалық құжаттаманы оқу және рәсімдеу қағидалары, ГОСТ және стандарттар түсіндіріледі. AutoCAD-та 2D-жобалау әдістері және техникалық және құрылыс салаларында қолдануға арналған цифрлық құралдарды пайдалану сипатталады.

2

AutoCAD-та 3D-модельдеу және параметрлік дизайн

Пән AutoCAD ортасында 3D-модельдеу және параметрлік жобалау негіздерін қарастырады. Геометриялық модельдер құру, параметрлік байланыстар орнату және техникалық құжаттама дайындау қағидалары түсіндіріледі. Инженерлік және архитектуралық нысандарды әзірлеуде цифрлық құралдарды қолдану және жобалық операцияларды автоматтандыру мүмкіндіктері көрсетіледі.

3

Жобаларды визуализациялау және жобалық құжаттаманы рәсімдеу

Пән инженерлік және архитектуралық жобаларды визуализациялау әдістерін, жобалық құжаттаманы және презентациялық материалдарды дайындау қағидаларын қарастырады. Графикалық деректерді рәсімдеу талаптары, жобалық шешімдерді ұсыну стандарттары және цифрлық құралдарды қолдану түсіндіріледі. Әртүрлі салаға арналған құжаттаманы шығару тәсілдері сипатталады.