11 March, 2026 Announcement
From: Media Center

Шетелде білім алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз!

Шетелде білім алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз!

2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға қатысуға өтінімдер қабылдау басталады!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі талантты студенттерді халықаралық білім беру кеңістігіне бағыттайтын маңызды мүмкіндікті жариялайды. Бұл бағдарлама сіздерге әлемнің үздік университеттерінде біліміңізді тереңдетуге, жаңа дағдыларды игеруге, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашады.

Құжат қабылдау мерзімі:

16.03.2026-17.04.2026

Бастапқы құжаттар тізімі:

1) Конкурсқа қатысу өтініші;

2) Файл қалтасы;

3) Транскрипт - 2.67;

4) Жеке оқу жоспары;

5) Ата-ана келісімі және жеке куәлігі;

6) IELTS - 5.0 / TOEFL / HSK сертификаты немесе тілдік естиханға қатысу өтініші;

7) Паспорт көшірмесі;

8) Жеке куәлік көшірмесі;

9) Фото 3/4 - 4 дана;

10) Ағылшын тіліндегі ұсыныс хат және мінездеме.

11) Бар болған жағдайда:

* Әлеуметтік тұрғыдан осал топ құжаттары;

* Соңғы 3 жылда жинаған мақтау қағаздары, алғыс хаттар және т.б.

Құжаттар жұмыс уақытында ғана қабылданады!

Дүйсенбі-жұма: 08:30-17:30.

Түскі үзіліс: 13:00-14:00.

Халықаралық ынтымақтастық орталығының мекенжайы:

Университеттің бас ғимараты (Глинка көш. 20А), 1 қабат, 124 кабинет.

Тілдік емтихан тапсыру күндері, уақыты және өтетін орны кейін жарияланатын болады!

Қосымша сұрақтар бойынша:

8 701 511 15 09 - Сымбат Сериковна

8 747 729 43 54 - Диана Ермековна.

Announcement from 11 March, 2026