10 March, 2026 Announcement
From: Media Center

СТУДЕНТТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

СТУДЕНТТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» ҚР ҒжЖБМ 04.03.2026 № 112 бұйрығына сәйкес бакалавриат студенттері арасында 9 орын бойынша Президенттік стипендияға конкурс жарияланады.

1. Стипендия күндізгі оқу нысанындағы білім алушыларға (бакалавриаттың 3 курсынан бастап) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де «өте жақсы» (А, А -) оқитын білім алушыларға ғана тағайындалады.

Қайта тапсырылған «қанағаттанарлықсыз» бағалары бар білім алушыларға стипендия тағайындалмайды.

2. Стипендия білім алушылардың келесі санаттарына тағайындалады:

а) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтар, өнертабыстар авторлары;

б) ғылыми Еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

в) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындарға;

г) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

2026 жылдың 12 наурызына дейін кафедраға келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- Университет Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш кафедрада);

- Тіркеу офисінен алынған транскрипт;

- Жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар, куәліктер);

- Жеке куәліктің көшірмесі;

- Жеңілдіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ескертпе: Тең жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар артықшылыққа ие болады.

Announcement from 10 March, 2026