Шәкәрім университетінде Республикалық ғылыми конференция өтеді
Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Шәкәрім университеті және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұйымдастыруымен «Абай облысының тарихи-археологиялық мұрасы: алғашқы зерттеу нәтижелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция жұмысына еліміздің жетекші археологтары мен тарихшылары, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.
Іс-шара барысында:
-соңғы жылдардағы далалық және талдамалық зерттеулер нәтижелері таныстырылады;
-археологиялық мұраны зерттеу және сақтау тәсілдері талқыланады;
-өңірдің көне және ортағасырлық кешендерін зерттеудің болашақ бағыттары айқындалады;
-ғылыми басылымдар мен тарихи-танымдық кітаптардың тұсаукесері өтеді.
Ұлттық тарихтың терең тамыры мен тағылымды мұрасы талқыланатын ғылыми алаңда жүздескенше, қадірлі қауым!
Өтетін күні: 27 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Мекен-жайы: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20 «А»