Жаңалықтар 23.04.2026 71

«Зерде» – республикалық олимпиада жүлдегері!

«Зерде» – республикалық олимпиада жүлдегері!

Алматы қаласында – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл іс-шара жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби даярлығын, теориялық білімін және практикалық шеберлігін кешенді бағалауға бағытталған маңызды ғылыми-білім беру алаңы болды.

Олимпиадада Шәкәрім университетінің «Зерде» командасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі III орынға ие болды. Команда құрамында «Педагогика және психология» кафедрасының 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының ДО-301 тобының 3-курс студенттері Ақтана Толқын мен Сандуғаш Төлеубек, сондай-ақ 2-курс студенттері Майгүл Болатбек пен Мерей Қуат болды. Олар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Олимпиада барысында қатысушылар кәсіби даярлықтарын жан-жақты дәлелдеп, командалық жұмыс барысында ұйымшылдық, академиялық мәдениет, өзара қолдау және жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды көрсетті.

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаты Бейбітгүл Тұрғанбаева мен педагогика ғылымдарының магистрі Раукен Мухметова студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беріп, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кешенді дамытуға жағдай жасады.

Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және қаржылық сыйақылармен марапатталды. Бұл жетістік жетекшілер мен білім алушылардың тиімді педагогикалық қызметін, білім беру үдерісін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудағы құзыреттілігін айқындай отырып, университеттің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға елеулі үлес қосады.

«Зерде» – республикалық олимпиада жүлдегері!
«Зерде» – республикалық олимпиада жүлдегері!
«Зерде» – республикалық олимпиада жүлдегері!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру