Жеңіс құтты болсын!
24 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында «В011 – Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Осынау білім бәйгесінде Шәкәрім университетінің "Физика және информатика" кафедрасының 6В01507 – "Информатика және робототехника" білім беру бағдарламасының білім алушылары Қаныш Мұхаметкәрім (ИР-201) мен Асанәлі Рыспеков (ИР-2401) жүлделі II орынды иеленді!
Команда жетекшілері:
Рысжанова А.С.
Рахматуллина З.Т.
Студенттерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілейміз!