Жарияланым мен дәйексөздің маңызы: ғалымды қалыптастыратын – ғылым
Шәкәрім университетінде Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының бастамасымен «Жарияланымдар мен дәйексөздер – ғылыми беделдің негізі» атты кейс-сессия өтті.
Орталық басшысы Әсемгүл Байқадамова заманауи зерттеушінің ғылыми беделін қалыптастырудың жүйелі тәсілін таныстырды.
Іс-шара барысында ғылыми беделдің негізгі құрамдас бөліктері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда:
• Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін журналдардағы жарияланым белсенділігі;
• дәйексөз көрсеткіштері, соның ішінде Хирш индексі;
• ғылыми гранттар мен зерттеу жобаларына қатысу;
• халықаралық дерекқорларда авторлық профильдерді қалыптастыру және жүргізу.
Сонымен қатар, ғылыми еңбектердің көріну деңгейін арттыруға бағытталған құралдарға, соның ішінде ORCID жүйесіне ерекше назар аударылды. Ғылыми дәйексөз жасаудың тиімді тәсілдері мен жарияланымдық қызметті стратегиялық жоспарлау мәселелері де жан-жақты қарастырылды.
Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен жас зерттеушілер қатысып, өз ғылыми еңбектерінің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыру жолдарын талқылады.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, жарияланым тиімділігін арттыруға қатысты тәжірибелерімен бөлісті.